«Баланың жағдайын құрсақта жатқаннан ойлаңыз»

Бифат ЕЛТАЕВА

22.12.2020, 18:35

1015

Қазіргі таңда есту қабілетінің төмен болу дерті дендеп барады. Ең ауыр түріне жататын бұл дерт кішкентай сәбилер де көптеп кездеседі. Кішкентай сәбилердің есту қабілетінің зақымдалуына не себеп? Осы мәселе жөнінде сурдопедагог Толғанай Қанатқызымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

— Сәбилердің есту қабілетінің зақымдалып дүниеге келуіне не себеп?

 - Бүгінгі таңда адам баласы үшін ең үлкен бақыт – көру, есту, жүре алу, он екі мүшесінің сау болуы. Заман ағымымен күннен күнге бұзылысы бар балалар саны артып келеді. Соның ішінде ең үлкен бұзылыстардың бірі – есту қабілетінің зақымдалуы. Дені сау адам үшін әлемді естімеуді ойлаудың өзі үлкен бір қасірет сияқты. Естімейтін және нашар еститін балалар бүгінгі таңда ересектердің, ата-анасының, жалпы қоғамның махаббатына зәру.  Бүгінгі таңда естімейтін балалар не үшін көбейіп кетті. Оның себебіне тоқталатын болсақ, естімейтін балаларды естімейтін және нашар еститін деп үлкен екі топқа бөліп қарастырамыз. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, есту қабілеті зақымдалған балалардың 50-60 пайызы осы тұқымқуалаушылықтың салдарынан болады. Ата-аналардан «тұқымыңызда естімейтін адам бар ма?» деп сұрасақ, «жоқ  біздің тұқымымызда есту қабілеті зақымдалған адам жоқ» деп жауап береді. Генетика саласы ауқымды ғылым болған соң, бала әкесінің не анасының генетикасын өзіне көшіріп алады.  Яғни, ата-ананың қанының құрамында көрінбейтін бұзылыс болуы мүмкін. Жасырын бұзылыстың салдарынан бала өмірге естімей келуі мүмкін. Бұған жеті атадан аспай қыз алысудың да септігі бар. Сол себепті, қазақ халқы жеті атадан асырып, қыз алысуға қатты мән береді. Екіншіден, сәбидің есту қабілеті нашар болып туылуы ананың жатырында жатқанда, анасының түрлі инфекциялық аурумен ауруы, қажетсіз антибиотиктерді қабылдауы, кальций жетіспеушілігінен, салауатты өмір салтын ұстанбау, алкогольді өнімдерді тұтыну да сәбидің құлағының нашар естуіне әсер етеді. Сондықтан да, аналар жүкті кезінде кальцийі көп тағамдарды тұтынып, депрессияға түспеуге тырысу керек, жалпы айтқанда баланың жағдайын жатырда жатқаннан бастап ойлаңыз.  Сонымен қатар босану кезінде әртүрлі травматикалық зақымдар алу да септігін тигізеді.

— Жаңа туған сәбидің құлағының нашар еститінін қалай білуге болады?

— Бала өмірге келгеннен кейін оны арнайы мамандар скрининг жасайды. Аппарат арқылы тексру жүргізу арқылы есту-естімеу мүмкіндігін анықтай алады. Екі айдан соң, есту деңгейін тағы да тексереді. Ал кейбір жағдайда баланың құлағы қалыпты естігенімен, бұзылыстар байқалуы да мүмкін. Сол себепті, ата-аналарға кеңес бергім келеді. Яғни, әрбір ата-ана үйде баласын бақылауы керек.  Ол үшін екі айдан асқан бала түрлі дыбыстарға реакция бере бастайды. Сылдырмақтарды баланын жан жағынан сылдырлатып көрсеңіз, бала да дыбыс шыққан жақа басын бұрып қарай бастайды. Алты ай мен сегіз айдың арасында баланың былдырына мән беріңіз. Бала «мама», «ба-ба», «папа» деп айтпаса, есту қабілетінде бұзылыстар бар деген сөз. Сол үшін уақытында лор дәрігерлеріне апарып, құлағының деңгейін тексеру керек.

– Ал дүниеге сау болып келген балалар бұл дертке қалай ұшырайды?

–Жоғарыда айтқанымыздай, балалардың есту деңгейі екі топқа бөлінеді. Туғаннан естімей қалу және кейіннен естімей қалған деп. Кейіннен естімей қалған балалар белгілі бір травма алғаннан кейін есту мүшесі зақымданады. Мәселен, бала кішкентай кезінде, 2 жасында делік тұмаумен ауырады. Ата-анасы дәл уақытында маманға қаратпаса, ауру одан сайын асқынып құлаққа жетуі мүмкін. Соның салдарынан бала есту қабілетін жоғалтып алуы мүмкін. Сол сияқты түрлі травмалар алуы мүмкін. Бірақ бұл балалар сөйлеу тілін меңгергеннен кейін сурдопедагогтармен жұмыс жасаса, бала тез сөйлеуге бейімделе алады.

— Антибиотиктерді дұрыс қабылдамау да есту қабілетіне әсер етеді ме?

— Жалпы маман ретінде айтар болсам, жатыр ішінде жатқан болсын, өмірге келген бала болсын, дұрыс қабылданбаған препараттар құлақтың зақымдануына әсер етеді. Қабылдауға болмайтын препараттар шектен тыс қолдану бала болсын, мектеп жасындағы бала болсын, ересек болсын зиян.

    – Есту қабілетін қайта қайтаруға болады ма?

— Балалардың естімеушілік деңгейін төртке бөліп қарастырамыз. Осылардың ішінде ең ауыры төртінші деңгей, ал бірінші деңгей жеңілірек болып саналады.  Егер де бірінші деңгейдегі баламен сурдопедагог маманы жұмыс жасамаса, ол асқынып, есту деңгейі төмендеп кетуі мүмкін. Қазіргі кезде есту деңгейін қалпына келтіретін мүмкіндік бар. Ол кохлеарлы имплантация деп аталады. Кохлеарлы имплантация баланы хирургиялық жолмен нашар естімейтін балаға есту мүмкіндігін бере аламыз.  Бұл құлақтың артына есту құралы сияқты кигізілетін, сыртқы дауыс процессорынан, микрофон, электр сигналдар арқылы сыртқы дауыстарды ести алады. Тағы бір айта кететін жайт, көп ата-аналар отадан кейін балаларының естігенімен сөйлеу алмайтынын айтып, әрі аппаратты шешіп тастайтынын айтып жатады. Бұны қарапайым тілмен түсіндірсек, мен өзім қытай тілін білмеймін, қытай базарына барсам, олардың сөзін естігенммен түсінбеймін. Кохлярлы ота жасатқан балалар да сол секілді, сөзді естігенімен, дыбыстарды ажырата алмайтындықтан аппаратты шешіп тастайды. Сол себепті баланы сурдопедагог мамандарға апарып, баланың сөйлеуге мүмкіндігін жасау қажет. Ескере кететін жайт, кохлярлы ота бірінші, екінші деңгейдегі балаларға жасалмайды.

— Сіздер естімейтін балалармен қалай жұмыс жасайсыздар? Оларға арнайы қандай дамытушы ойындар мен мультфильмдер бар?

— Біздің маман ретінде басты мақсатымыз – баланы жан-жақты дамытып, қоғмға өз орны бар тұлға тәрбиелеу. Есту қабілеті  зақымдалған балаларға қазақ тлінде мультфильмдер жоқтың қасы деп айтуға болады. Дегенмен де, оларға мамандар арнайы дамытушы ойындарды түрлендіріп қолдануға тырысады. Тілді үйретудің бір ерекшелігі, дактильді әліпбиді қолдану. Сол арқылы балаға оқуды, жазуды үйретеміз. Ал ойындарға келетін болсақ, жазбаны көптеген ата-аналар оқиды деп сенемін. Сол себепті, ата-аналарға арнап, бірнеше ойын түрлерін ұсынғым келіп отыр. Мысалыға, қапқа сал, алтын дорба деген ойындарды ойнаса болады. Ол үшін үйдегі бұршақты, қарақұмық, яғни ұсақ затты бір дорбаға салып, ірі затты бір дорбаға салып, сылдырлатып, қайсынан қандай дыбыс шыққанын ажыратуға үйрету. Осы ойын арқылы бала мен ата-ананың арасында да жақындық орнайды. Әрі дені сау бала үшін де, құлағы нашар еститін бала үшін де қызықты ойын болады. Сондай-ақ, жануарлардың дауысын естірту арқылы да баланың сөйлеуін, есту қабілетінің дамуына жағдай жасауға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19