Балаңыз есірткіге еліп кетпесін десеңіз

21.06.2018, 19:23

185

Бұл күнде есірткіге әуестік  нағыз қасіретке айналды. Есірткімен күрес қанша жерден күшейсе де, ата-ананың көмегінсіз нәтиже болмайтыны айқындалды.Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Жақып Жексембиев бұрындары нашақорлар көбінесе ата-анасы толық емес отбасыларда жиі кездессе, бүгінде тәрбиелі, зиялы отбасылардың балалары да осы жолға түсіп жатқанын айтады. «Мұндай дертке шалдыққандардың жас шамасы 15-40 жас аралығындағылар, жиі келетіндер 25-40 жастағылар», – дейді Ж.Жексембиев.– Облыстық наркологиялық диспансерінің психологтері мен әлеуметтік қызметкерлері науқастарға өздерінің ішкі жан дүниесін қалыпқа келтіруге және қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Дәрігерлеріміз ай сайын өздеріне бекітілген білім беру нысандарында дәріс оқып, семинар, дөңгелек үстелдерге қатысып және сауалнама жүргізеді. Дегенмен жастардың жағымсыз әдетке бой алдырмауына ең алдымен ата-анасы, туыс-бауырлары қадағалау жүргізгені жөн. Балалықпен есірткінің дәмін татып көрген жеткіншектің қылығын алдымен отбасы мүшелері байқайды. Мұндай жағдайда ертерек шара қолданып, ем жүргізген дұрыс.Бұл жердегі басты мәселе  отбасында дер едім. Үйдегі ата-анасы баласына дұрыс тәрбие беріп, ұрпағының болашағына немкетті қарамай, қашанда бақылауда ұстап, ата-аналық мейірімін төгіп отырса, бала теріс жолға түспейді деп ойлаймын. Темекі тарту, ішімдік, нашақорлық – осылардың бәрі қызығушылықтан, тек «бір рет тартып көрсем, бір рет ішіп көрсем» деген әуестіктен басталады. Баланың жүрген ортасына, жора-жолдастарына да көп байланысты. Тағы бір себеп – жастардың жұмыс істемей, бос сандалып жүруі. Есірткіні бір-екі тартып, бір-екі рет ине салған соң, қалай тәуелді болғанын өздері де білмей қалады. Сосын не істейді? Есірткі сатып алу үшін кез келген қылмысқа барады. Ал ата-анасы көп жағдайда іс насырға шауып, асқынғанда ғана біледі. Егер дер кезінде әкеліп жатқызса, онда ем де өз нәтижесін берері анық, – дейді Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Жақып Жексембиев.Демек, бала есірткіге еліп кетпеу үшін ата-ана ең алдымен ұл-қызына берер тәрбиесін түзеуі тиіс.Алдияр БарысханТараз қаласы 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29