Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру жоспары туралы айтты

Сайт әкімшілігі

17.02.2021, 17:00

773

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарымен есептік кездесуі өтуде.

Кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғыны Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру мәселесін қозғады.Қалада өзендер маңызды рөл атқаратындықтан, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің арналарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, абаттандыру бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін серуендеу, бос уақыт үшін қолайлы орта құру жұмыстары қарастырылуда. 

«Биыл жаяу жүргіншілер аймағын тазарту, дуалдар мен қоршауларды дұрыс жасау, әл-Фарабиден Сайранға дейін серуендеу аймағы жеткілікті үлкен болуы үшін жарықтандыру жобасын жасауды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті әкім  және қала тұрғындарын Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп осы жұмысқа қатысуға шақырды.

Қазіргі уақытта селден қорғау бөгетінен Сайран көліне дейін өзенді жайластыру бойынша жобаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, тауларды, Тұңғыш Президент саябағы мен Сайран көлін өзара байланыстыра отырып, жасыл дәлізді қалпына келтіруге, желдетуге арналған дәлізді қамтамасыз етуге және инклюзивті қауіпсіз орта құруға мүмкіндік болады.

Абаттандыру жұмыстары келесі жылы басталады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау мерзімі — 2021 жылғы желтоқсан.Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың екінші есеп беру кездесуі пандемияға байланысты онлай форматта өтуде. Сұрақтар қоюға ниет білдіргендердің барлығына 1308 бірыңғай желі телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, сұрақтарды Whatsapp 8 777 046 33 33 нөміріне жіберуге немесе әлеуметтік желілердегі есеп беру кездесуінің трансляциясы бойынша түсініктемелерде қалдыруға болады. Тұрғындар өз сұрақтарын эфир кезінде қолжетімді болатын ZOOM көмегімен де қоя алады. Сонымен қатар, сегіз ауданда тұрғындар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өз сұрақтарын қоя алатындай арнайы орындар қарастырылды. Онлайн көрсетілім Facebook және қалалық әкімдіктің, «Алматы» арнасының, OpenAlmaty және StopCOV сайтында көрсетіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15