Бәрі – кінәлі, бәрі – паразит

12.02.2020, 21:49

15

Көптен күткен «Оскар» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды.Оңтүстіккореялық кинорежиссер Пон Чжун Хо «Паразит» фильмі бойынша төрт аталымда(«Үздік фильм», «Үздік шетел тіліндегі фильм», «Үздік режиссер», «Үздік түпнұсқасценарий») топ жарды. Бұл Азия кино тарихында болмаған оқиға. Сондай-ақ аталғанкинокартина 2019 жылы Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағын» және «Алтынглобусты», АҚШ киносыншылары ассоциациясының жүлделерін жеңіп алған болатын.

Су толы аузыбекітілген бөтелкені теріс қаратып көргендер біледі. Бөтелкенің ішіндегі су бүлкете қалады, қақпағын ашып жіберсең, лақылдап жерге төгіле бастайды. Корейрежиссері Пон Чжун Хоның «Паразит» фильмі де дәл сол су толып, ақыр соңында лақетіп жерге төгіліп, ішінде түгі қалмаған бос бөтелке іспетті. Бөтелке – қоғам,оның қай қоғам екеніне бас қатырудың қажеті шамалы. Ал лақ етіп төгілген су қоғамныңсыпырылып түскен бетпердесі іспетті әрі сіз сеніп жүрген елестер мен күнде көкжәшіктен еститін, я радиодан тыңдайтын ертегілер. Бөтелкедегі суды төгіптастасаң, ішінде түк те қалмайды. «Паразит» қоғамдағы ертегілер мен елестерді дәлбөтелкедегі судай жерге лақ еткізіп төкті де, бөтелкенің бостығын көрсетіп, онықоқысқа тастай салды. Енді сусағанда ішетін су жоқ.

Ескі аудан, тар үй,тар көше мен мықшыңдап тірлік кешкен адамдар. Уайльдтің тілімен айтсақ, «ақшажайында байлардан да көп уайым жейтін кедейлер» тұратын бұл аудан көрер көзгетым жұпыны, бірақ қайнаған тірліктің ортасы болып көрінеді. Бір үйлі жан сасықжертөледе күн кешіп, табан асты пайда бола қалатын аз-кем жұмыстарды жасап,табыс тапса да – жетпейді. Ар жақта қарсы параллель. Сеулдің ең бай аудандарыныңбірі, зәулім жекежай, кең аула, ішер тамағы мен киер киімін ойлап бас қатырмайтынауқатты Пак әулеті. Кино әдеттегі сценарийге құрылған секілді. Тіпті фильмнің қалайаяқталатынын болжап қойғандай боласыз. Бірақ режиссер көрерменді ойлағанындайемес, күтпеген бетбұрыстарға жетелейді. Кедей ауданда тұратын Ким әулетінің ұлыКи У бай Пак әулетінің қызына жалған құжат жасатып, оқытушы болып жұмысқа тұрадыда, өзінен кейін әпкесі Киджонды да осы үйге таныстықпен жұмысқа тартады.Артынан әкесі мен шешесін де кіргізіп, тұтас бір отбасы Пак әулетіне қызмет етебастайды. Бірақ өздерінің бір отбасының адамдары екенін жасырады. Осылайшафильм шым-шытырық оқиғамен жалғаса береді.

«Паразит» «Оскар» жүлдесінде«Үздік түпнұсқа сценарий» аталымында да жеңіске жеткен еді. Канн кинофестивалінің«Алтын пальма бұтағы» мен «Оскардың» төрт бірдей жүлдесін еншілейтіндей «Паразит»несімен мықты шықты? Бүгінде байлар мен кедейлердің бір ортада кездесуі өтесирек құбылыс. Бұл туралы Пон Чжун Хо өзінің бір сұхбатында әңгімелей келе,фильм желісіндегі бай Пак әулеті мен кедей Ким әулеті кездескен тұсты алғатартады. Олардың үстінен кедейліктің жағымсыз иісі мүңкиді. Төртеуі бір-бірінтанымайтан бейтаныс адам рөлін сомдаса да, бір иіс олардың бір ауданнан, біртаптан, тіпті бір отбасының адамдары екенін анықтап бергендей-ақ. Пак әулетініңханымы иісті сезсе де, олардың бір отбасы екенін сезбейді. Режиссер осы тұстаиісті «баяндауыш» ретінде қолданғысы келгенін жасырмайды. Оның сөзінше иіс –жеке дүние, оны адам көпшілікпен бөлісе бермейді (әтір мен гүлдің иісін есепкеалмағанда). Бірақ фильм барысында иіс ортадағы таптық бөліністі айқын ажыратыпберді.

Осы орайда, «Паразитке»қатысты бірқатар отандық киногерлердің пікірін білген едік. Мәселен, режиссерЕрбол Жұмағұл «Паразит» фильмін Канн жүлдесін 2018 жылы жеңіп алған «Дүкентонаушылар» фильмімен ұқсас екенін айтады. «Дүкен тонаушыларда» әртүрлі отбасы өздерінбір жанұяданбыз деп көрсетсе, «Паразитте» керісінше», – дейді режиссер. Ал ПонЧжун Хо «Паразиттің» сценарийін 2013 жылы жазып қойғанын тілге тиек етеді. Кезектібір сұхбатында Понның «Паразит» картинасы жапондық режиссер Хирокадзу Корээданың«Дүкен тонаушыларына» қарағанда Джордан Пилдың «Біз» картинасымен ұқсас екенінжурналист атап өтті. Пон Чжун Хо Джордан Пилдың «Біз» фильмінен жанрдыңметафораны мейлінше салмақтырақ еткенін байқаған, ал өз фильмінде ол бароккомен абсурдизмге бас ұрмапты. Сөзінше, оған сюрреализм мейлінше жақын. Е.ЖұмағұлПон Чжун Хоның Netflix алаңына шыққан сериалдарын да көрген. Режиссер «Паразит»киносын асыра бағалап жіберді деген пікірлердің көп айтылғанын, алайда бұл «нағызжеңіске лайық кинотуынды» екенін алға тартты.

Кинотанушы,киносыншы Дана Әмірбекованың пікірінше, «Паразит» кез келген қоғамда бар әлеуметтіктартыстың бейнесін ашып бергенімен, оған қатысты «мораль» оқымайтындығыменерекшеленеді. «Фильм ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдықіспеттес қарама-қайшылықтардың аражігін ашуға тырысып, адами құндылықтар жайлысөз қозғамайды, режиссер өзіне ақылгөй рөлін алып, көрерменге мораль оқымайды.Пон Чжун Хоның әлемінде кінәлі немесе бейкүнә жақ қалай жоқ болса, дәл солай, әрқайсысы  кінәлі әрі бейкүнә», – дейді кинотанушы.

Фильмде үш отбасыбар. Бай Пак және кедей Ким әулетінен бөлек, Пак әулетінің жертөлесінде күнкешетін тағы бір жарлы ерлі-зайыпты. Жертөледе тұратын отбасының әйелі Мунгванбұрын Пак әулетінде үй шаруасына жауапты болып жұмыс істеп, жасырынып жатқан жұбайынаас-ауқат тасып, күн кешкен. Аяқастынан пайда бола қалған өздері секілді жарлыКим әулеті мұнда жұмысқа тұрғаннан кейін әйелді қасақана жылы орнынантайдырады. Тағы бір жарымжан кейіпкер қалай өмір сүрерін білмей дағдарып қалады.Ендігі сұрақ:  кім паразит? Бай әулетке жұмысқатұру үшін мұнда күнін көріп жүргендерді қулық-сұмдықпен айдап шыққан Ким әулетіме? Әлде қарызға белшесінен батып, ақыр соңында әйелі тірнектеумен қарызын өтепжүрген, өздері бай отбасының жертөлесінде тұратын отбасы ма? Немесе жарлылардыжалдап, оларға азын-аулақ ақша төлеп, шалқып өмір сүретін бай Пак отбасы ма?Режиссер көрерменге осы сұрақты қояды әрі паразиттің кім екенін анықтауды көрерменніңөз таңдауына тапсырады.

«Паразиттің» кімекенін іштей әркім әрқалай бағамдар, әр кейіпкерді түсінуге тырысар. Алайдаешкімді айыптай алмаймыз. Ақиқатында, біздің қазақ қоғамына да бұл кинотуындыныңжелісі жат емес. Байлар мен кедейлер арасындағы таптық күрес, өмір сүру үшінтірнектеу немесе тірнектегеніңе өмір сүру болмаса қарсы параллель – биік-биікжекежайларға темір қақпа орнатып алып, сырттағының бәрінен құлақты бітеп, қымбатмаркалы көлікті тізгіндеп жүйткіте айдау, сосын шексіз көкқағаздар мен сатыпалулар. Біздің қазақ қоғамы, әлеуметі бүгінде дәл осындай бір-біріне қарсы әріжат әлемде өмір сүруде. Ең қорқыныштысы – мұны «Паразитті» көріп те түйсінбейтіндердіңбары. Кинотанушы Ерлан Сұлухан: «Кафкашыл, нағыз Шығыс Азия мейрамхана дәміндей«ащы-тәтті» оқиғаға құрылған қазақи шытырман. «Кафкашыл» сөзіне зер салуға салболып қалған қазақ көрерменіне сай келмейтін фильм: арманын «бір кредит, екі қатын,үш галстукқа» арнаған бес тиындай қарапайым қазақ көрмей-ақ қойғаны абзал», –дейді.

Бірақ режиссер ПонЧжун Хо одан да сұмдығын айтады. Оның сөзінше, шектен шығып кеткен өндіріс қарқыны,тұтыну артсын немесе артпасын енді  мемлекетөз азаматтарына қамқорлық танытуды доғарады. «Егер әр адамның қолында үшсмартфон көрсек, оны прогресс деп атаудың қажеті жоқ». Пон Чжун Хоша айтқанда, әркіменді тек өзіне сене алады, өзіне иек артады. Мұның сұмдығы неде? Бұл«паразиттікті» арттырмаса, кемітпейді. Сонда Жер шарын көктен бақылар болсақ, бәрімізпаразит болып көрінеміз бе?

Фильмнің соңындаКим отбасының оқытушы болып жұмыс істеген ұлы қолын қанға малып, Пак әулетініңмырзасын өлтіріп, қазір сол үйдің жертөлесінде жасырынып жатқан әкесіне әйтеуірбір күні осы жекежайды сатып алып беретініне уәде етеді. Шынымен сатып алыпберер, сосын әкесі еркіндікке қауышар деген үміт те жоқ емес. Бірақ режиссерПон Чжун Хо олай болмайтындығына тағы сендірді. «Біз ересек адамдармыз: олжігіттің қолынан бұл үйді сатып алу келмейді. Басқалардың қолынан да келмеседі, біздің де. Тіпті арифметикалық орта шамасын есептесең де, бұл жекежайдыңиесі болу үшін оған 547 жыл жұмсау керек. Сенесіз бе?»

«Хрущевкалар» мен еңселі,көрікті қабырғалар бір ауданда бой көтермейді, Guссi-дің табаны тиген сарайларғақара бәтеңке қалай аттасын?! Ал iPhonе-ды сатып алуға болады. Оның екі жолыбар: біріншісі – қолма-қол қомақты ақшаға, екінші жолы – айлап төлейтін несиеарқылы. Біз таныған ақиқат осы. Әрі ол өзгерген емес. Себебі біз «мәңгілік ел»болуға бел байлағанбыз. Оның қанша уақыт екенін ешкім де білмейді. Ең өкініштісі– біз оның арифметикалық ортасын да шамалай алмаймыз. Ал «Паразиттің» «Оскар»сыйлығын алғанынан бұрын, бар әлем көзі жеткен я көзі жетпеген шындыққа қауышуынбағалы дер едік.

Авторы: Сафина Ақтай

Коллаж: Жас Алаш.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39