Барыс жылы бәрі өседі

Жарас КЕМЕЛЖАН

04.01.2022, 09:53

979

Жаңа жылдан бастап айыппұл өседі, айлық көтеріледі, салық артады, темекі қымбаттайды. «Барыс жылы барын шашты» деген осы шығар.

 Елде айлық, жәрдемақы, сонымен бірге айыппұл мөлшері өсіп, мемлекеттік қызметшілер декларация тапсыруға міндеттеледі.

Енді елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңге болады. 2019 жылдан қазірге дейін оның мөлшері 42 500 теңге болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, ең төменгі жалақының артуы экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 млн адамның табысын өсіреді.

Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге тең болады. Демек жәрдемақы мөлшері де артып, айыппұл көлемі де өседі. Биыл АЕК мөлшері 2 917 теңге болған. Сонымен қатар, елде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңге болады. Биыл ол 34 302 теңге еді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылады.

Зейнетақы ше? Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңгеге тең болады бұдан былай. Биыл бұл көрсеткіш 18 524 теңге болған. Демек, зейнетақының ең төменгі мөлшері 46 302 теңгені құрайды деген сөз.

Қазақстанда әйелдердің 2022 жылы зейнетке шығатын жасы тағы да ұлғаяды. Егер 2021 жылы қазақстандық зейнеткерлікке шығу үшін 60 жасқа толуы керек болса, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жас 60 жарым жасқа дейін ұлғайтылды. Ер адамдар үшін зейнеткерлік жас бұрынғыша – 63 жас күйінде қалатын болады.

1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда салықтың «Google-ға салық» деп аталатын түрі енгізеді. Ол цифрлық тауарлары мен қызметтерін сататын әлемдік интернет алпауыттарын (мысалы, Google, Facebook, Netflix) қамтиды. Енді шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанда тапқан ақшаға қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті болады. ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12% құрайды.

1 қаңтардан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 520 теңгеден 550 теңгеге дейін өседі. Бұл ең төменгі баға 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады. Осыдан кейін әр жарты жыл сайын темекінің ең төменгі бағасы 2023 жылы 600 теңгеге дейін көтерілгенше кезең-кезеңімен қымбаттайды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 872 жағдай тіркелді
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 19.01.2022, 18:15
Әйелдердің қателіктеріне еркектердің де қатысы бар
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 14:00
Тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды
Сайт әкімшілігі 19.01.2022, 11:10
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 19.01.2022, 08:48
«Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
Күлтегін БЕК 18.01.2022, 08:41
Қаралы қаңтар: күдік пен үміт

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38