Бас имам: «Біз қаралы отбасыға үй алып береміз»

05.02.2019, 20:35

41

Астананың бас имамы Наурызбай ӨТПЕНОВ бес баласы бірдей мерт болған отбасына үй алып берейін деп жатқандарын, бұған қазірдің өзінде біраз ақша жиналғанын айтты.NUR.KZ-тің хабарлауынша, үй Хазірет Сұлтан мешітінің атынан алынады. Ал, мешіттің ұйымдастыруымен жиналған қаражат түгелдей қаралы отбасына табысталады. Олар ашқан шотқа қазірдің өзінде ақша салушылар легі тоқтаған жоқ.«Біз ата-анасымен сөйлестік, ақылдаса келіп, Алла қаласа мешіттің атынан үй алып береміз деп шештік. Солай келістік. Олар өздерінің қалауын айтты, Алла қаласа, біз көмектесеміз, — деді бас имам.Сондай-ақ, әлеуметтік желіде таралған видеода мешітте ұстаздық етіп жүрген Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ қазір арнайы көмек үшін 13,4 млн теңге жиналғанын, ол түгелдей қаралы отбасына берілетінін мәлімдеді.Бүгінгі жерлеу рәсімінде мерт болған балалардың туыстары оларға азық-түлік, жиһаз және ең қажетті деген заттармен қамтамасыз ету туралы көпшіліктен өтінді. Өйткені, өрт кезінде отбасы тұтынып келген бүкіл зат жанып кеткен.  Фото: androidmafia.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:45
Бір тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.11.2020, 16:17
Адам өміріне араша түскен полицейлер марапатталды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:59
"ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 11:53
COVID-19: 222 адамның жағдайы нашар
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:22
Коронавирустан 900-ден астам бала емделіп жатыр
Бифат ЕЛТАЕВА 30.11.2020, 09:56
Туған баласынан безінетіндер неге көбейіп кетті?!

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05