12.06.2019, 16:11
115
ҚР Бас прокуратурасы өзінің ресмипарақшасында тағы да мәлімдеме жасады.Құзырлы органның мәліметінше бейбіт шеру кезінде полицияны арандатып, оларғашабуыл жасаған фактілер болыпты.
Алайда, Ғизат ДӘУРЕНБЕКОВ басшылықететін құзырлы орган полицейлерге жасалған шабуыл жайлы қысқа ғана ақпараттаратқан.
«Бас прокуратураелімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше ретескерткен болатын. Алайда, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полицияқызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады.Жүргіншілердің, әйелдер менбалалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.Осыған байланысты, құқыққорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауғабағытталған шаралар қабылдады.Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ.Құқықбұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.Заңсызакцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу ҚазақстанРеспубликасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстықкодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз. Құқыққорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және олардыболдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады», — делінген Баспрокуратураның таратқан хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау болған 9 маусым күніелорда, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жүздеген адам бейбіт шеруге шыққан.Ресми дерек бойынша 700 адам ұсталған.
Фото: m.news.yandex.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР