Бас прокуратура үндеу жариялады

15.12.2019, 11:59

213

16 желтоқсан қарсаңында Баспрокуратура митинг, пикет, шерулерге қатысты үндеу жариялады.

«Бас прокуратураның түсіндіруінежәне әкімшілік ықпал ету шараларына қарамастан, жекелеген адамдар, соның ішіндешетелден әлеуметтік желілер арқылы халықты алдағы мерекелерде заңсызмитингілерге қатысуға шақыруды жалғастыруда.

Бұл адамдар «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттержәне демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңның (бұдан әрі — заң) талаптарын айқын бұзуда.

Атап айтқанда, жоспарланған митинг туралы хабарланғанға дейінұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрынжергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермеген.

Онда олар: іс-шараның мақсаты, нысаны, өткізілу орнын немесеқозғалыс бағыттарын, оның басталу және аяқталу уақытын, қатысушылардың болжамдысанын, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардыңсауалнамалық деректерін көрсетілуі тиіс болатын.

Бұл міндетті талаптар акция қатысушыларының өздерінің, сондай-ақбасқа да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана бағытталған.

Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін ұйымдастырушы мен басқа датұлғалардың митинг туралы жариялауға, оған қатысуға шақыруға, сондай-ақ осымақсатта парақшалар, плакаттар және басқа да осындай материалдарды дайындауғажәне таратуға құқығы жоқ екеніне назар аударамыз.

Басқаша айтқанда, 16 желтоқсанда заңсыз акциялардыұйымдастырушылардың іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілерібайқалады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы – бейбiтжиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнаманы бұзу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесемемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, ондақылмыстық жауаптылық туындайды (қылмыстық кодекстің 400-бабы – санкцияланбағанакцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі залал келтірсе).

Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акциялардықолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға,қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысуданбас тартуға шақырады».

Фото әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39