Бас прокурор зорланды деген бала дауын өзі бақылайды

16.03.2018, 21:21

169

Қайрат Қожамжаров құпиялық құқықты сақтауға шақырадыБас прокурор Қайрат Қожамжаров Оңтүстік Қазақстан облысындағы зорланды деген бала дауына қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі өндіріске алуға арнайы прокурорға тапсырма берді. Бұл мәлімет бас прокуратураның сайтында жарияланды."Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда. Процестің барлық қатысушыларының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатын болады. Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында" делінген мәлімдемеде.Сондай-ақ, бас прокуратура қазақстандықтарды істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпиялылыққа деген құқықтарын сақтауға шақырады.«Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» делінген ресми орын мәлімдемесінде.13 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұратын Ш.Батырбекова ақпарат құралдарына жеті жастағы жиенін былтырғы тамыздан бері жоғарғы сынып оқушылары бірнеше мәрте "ұрып, зорлағаны" туралы жергілікті полицияға дер кезінде шағымданғанымен, тек үшінші рет барғанда ғана арызын қабылдағанын айтқан.Батырбекованың бұл сөзі әлеуметтік желіге кеңінен талқыланып, әлеуметтің ызасын тудырды. Ал, 14 наурыз күні Алматыға баратын поезға отырғалы жатқанда Батырбекова мен жиенін полиция ұстап қалған.Кеше осы іске қатысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде арнайы жиын өткізіліп, бірнеше мекеменің басшысы жауапқа тартылып, қызметтерінен босады. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры
Бифат ЕЛТАЕВА 11:16
Жаңарған ҚазҰУ
Қуаныш ЕРМЕКОВА 09:43
Көші-қон саясаты қуантып тұр
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31