Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Сайт әкімшілігі

20.09.2021, 11:09

779

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. 

Қаулы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.

Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

"Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына (бұдан әрі — № 38 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  • денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және видео түсірілім жүргізуге шектеу салу алып тасталсын;
  • COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтау тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын: «COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу»;

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31