«Басшым індеттен қорғайтын бір реттік киімдерді үнемде деп бермеді»,-дейді жамбылдық дәрігер

08.04.2020, 23:26

15


Коронавирусжұқтырған жамбылдық дәрігердің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасы дүйімжұртты дүр сілкіндірді. Мұны біз «Жас Алашта» жаздық.

Артынша біз бұл бойынша қауіпті індетті жұқтырған дәрігерТолқынай Ордабаевамен телефон арқылы тілдесіп, айтқандарын шып-шырғасын бұзбайоқырманға жеткізуге тырыстық.

Толқынай Ордабаева,

Меркі аудандық емханасының инфекционист дәрігері:

Менсәуірдің 6-сынан бері Тараз қаласы Бейбітшілік көшесіндегі жұқпалы аурулардыемдейтін ауруханада жатырмын. Сол күні сағат 12-де тапсырған сынамаданкоронавирус жұқтырғаным анықталды. Қауіпті індетті жұқтырғаным белгілі болғансоң, бас дәрігердің бұйрығымен үйімізге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп,мені Таразға жеткізіп, осы ауруханаға жатқызды.

Алғашындаменің сынама тапсыруыма Меркі аудандық бас дәрігердің орынбасары ЖаңылШойбекова қарсы болды. Бірақ, мен сәуірдің 2-сінен бастап өзімді әлсіз сезініп,дене қызуым 39-40 градустан түспей қойды. Соңғы күндері денсаулығымның нашарлапкеткенін басшыларыма айттым. Бірақ, біздің ауданда 2 ғана инфекционист-дәрігерміз.Бас инфекциолистіміз егде жастағы кісі. Аталған әріптесім бұл індеттің егдежастағы кісілерге қауіптілігін біліп, өзіне жұқтырып алудан сезіктенді ме,ақпан айының аяғында демалысқа шығып кеткен. Міне, содан бері бір жарым ай бойынауқастармен жалғыз өзім жұмыс істеп келдім. Аудандық емханада 1,5 жүктемеменістеймін, ауруханада 0,25 жүктеме төледі. Бірақ, мен карантиндегі науқастарментікелей жұмыс істейтін болғандықтан, түннің ортасы болсын, таңғы 5-6 болсынжедел-жәрдеммен алып кетіп, зыр жүгіріп жұмыс істедім. Осы індеттен еліміздеқайтыс болған бірінші адам – Нұрсұлтан қаласындағы апаның Меркіде қонақтаболғанын білесіздер ғой. Сол марқұммен контактіде болған Меркі ауданының 6тұрғыны карантинде жатты. Маған басшым Шойбекова індеттен қорғайтын бір реттіккиім-жабдықтарды үнемде деп бермеді. Басында бір реттік қорғаныс киімдерінберді де, кейін соларды қайтып бергенін білдім. Тіпті, біздің аурухана-емханададәрігерлер мен медбикелерге маска да берілген жоқ. Оларға үйлеріңнен өздеріңтігіп алыңдар деген тапсырма берілді басшылық тарапынан. Шойбекованың өзінің демамандығы инфекцианист-дәрігер. Бірақ карантиндегі науқастарға бір де бір реткірген емес. Карантиндегі 6 науқастың біреуі жүкті әйел болды. Оныңденсаулығына байланысты терапевт, гинеколог тағы басқа дәрігерлердішақырғанымда ешқайсысы келмей қойды. Менің қайта-қайта шақыруымнан кейін«Дамумедке» жүгінгеннен соң барып амал жоқтан бір рет қана гинеколог-дәрігеркеліп тексерді. Қалғандары қорқып келмеді.

Карантиндегікісілер бойынша аудандағы әріптестерімнен қайран болмағаннан кейін облыстық СЭС-кехабарласып, анализ алуымыз керек деп шақырдым. Өйткені, олар осы індеттен қайтысболған кісімен контактіде болған адамдар. Бірақ, маған ол жақтағы вирусолог «Оныбіз жүргізбейміз. Біріншіден средства жоқ, екіншіден уақытымыз жоқ, науқастаркөп, үлгере алмай жатырмыз» деді. Осылайша, карантиндегі біз жіберген алтыадамның анализдерін кері қайтарып, шығара беріңіздер деді. Бұл кезде мағанШойбекова бір реттік қорғаныс костюмді де бермей, бір реттік маска тағып кіріп,олардың құжаттарын толтырып шығардым. Бірақ, «олардың ішінде індет жұқтырғандарболуы мүмкін» деген ойымда күдік болды. Сол күннің ертесіне-ақ өзімді жайсызсезініп, жоғарыда айтқанымдай дене қызуым 39-40 градустан түспей, тамағым ісіп,терлеп-тепшіп, бас дәрігердің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбаевқа «болничныйға»өтініш жаздым. Бірақ мені олар жібергісі келмеді.

Біздіңаудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері былтыр сыбайлас жемқорлық бойыншаұсталып, оның орнына мамандығы денсаулық сақтау саласына мүлде сай келмейтін Д.Нүсіпбаевуақытша міндетін атқарушы болып отыр. Ал аудандық аурухананың бас дәрігердіңорынбасары Жаңыл Шойбекова мен бас бухгалтеріміз Жамбыл облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың туған балдыздары. Бас дәрігер,орынбасар және бас бухгалтер үшеуі жезделерінің арқасында білгендерін жасап, «бүлінгенжерден бүлдіргі» жинап, осы індет бойынша бөлінген қаржыны өз мақсаттарынажұмсап жатқандай. Осы үшеуінің жымысқы әрекетінің кесірінен мен қауіпті індетжұқтырып отырмын.

Редакциядан:Қауіпті індет жұқтырып алған Меркі аудандық ауруханасының инфекционистдәрігері Толқынай Ордабаева айтқан осынау жайттар бойынша Жамбыл облыстықденсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов оның қазіргі таңдаТараздағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын, Ордабаевамен контактідеболған адамдардың карантинге алынғанын, олардың ішінде 8 медицина қызметкерібар екенін айтты. Алайда, Меркі аудандық ауруханасындағы бас дәрігердіңорынбасары Ж.Шойбекова мен бас бухгалтердің өзіне тікелей туыстығы жөніндегісұрағымызға жауап беруден бас тартты.     

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39