Баталов жаңа орынбасарын тағайындағанда да мақтанады

12.09.2019, 13:14

139

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ жаңа орынбасары тағайындалды. 1айға жуық бос тұрған орынға облыс әкімі аппаратының басшысы болған Батыржан ҚұлаймергенұлыБАЙЖҰМАНОВ тағайындалды. 

Облыс активіне шендіні таныстыру барысында өңір басшысы Амандық БАТАЛОВ соңғыкездері пайда болған әдетіне басып өзі басқарып тұрған уақытта Алматыоблысының жетістігі артып жатқанын тағы атап өтті. Бүгінгі жиында көпбалалы аналардыбаспанамен қамту жарысында Алматы облысы алда екені айтылды. Бірақ, бұған жергіліктіатқарушы биліктен гөрі кәсіпкерлер нақтылы көмек көрсетіп жатыр. Десе де,Баталов мұның бәрін өзінің жетістігі санайды және әдеттегідей дәл мұндай «басқаоблыс жоқ шығар» деп мақтанып алды.


— Көпбалалы аналар проблемасынбәріңіз білесіздер. Алматы облысында қазіргі сәтте кәсіпкерлер көпбалалыаналарға 160 үй алып берді және мұндай қолдау әлі де жалғасады. Осынша үй алыпберген басқа облыс жоқ шығар, — деді облыс әкімі.


Әкімнің жаңа орынбасарымен жақынырақ танысу үшін Талдықорғаннан 300 шақырымжердегі Алакөл, Ұйғыр, Райымбек аудандарының әкімдері де кешікпей келген екен.Шенділердің біразы әріптесін қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Ал, кей аудан әкімдері  жаңабастықтарының кабинетіне көтеріліп, құтты болсын айтты. 


Ал, олар әкімдіктің4-қабатына көтерілгенше қызметкерлер әкім орынбасарының кабинетіндегі тақташаныөзгертіп үлгеріпті.


43 жастағы әкім орынбасары еңбек жолын 1999 жылы «ВИП Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. Алматы қаласындағы «В-Сompany» ЖШС директоры, республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы директорының орынбасары міндетін атқарған екен. Әр жылдары премьер-министр және президент кеңселерінде бас сарапшы, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік  инспекторы болған. Ал, Баталовтың бұрынғы орынбасары, әкімдігінен гөрі әншілігі басым Ақан АБДУАЛИЕВ  Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалған болатын.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 17:21
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау – Nur Otan-ның басымдықтарының бірі - Байбек
Айшуақ Арай 14.05.2021, 17:07
Сатпаевтағы бұзақылыққа қатысқандар сотталды
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 11:57
Университеттер арасында алғашқы болып елордалық ЖОО «Ashyq» жобасын қолдады
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 14.05.2021, 09:19
Жат жерде белгісіз жағдайда көз жұмған қандастар
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 13.05.2021, 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09