Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)

Сайт әкімшілігі

24.02.2021, 10:07

795

Алғабастықтар әкімнің отставкаға кетуін талап етті Алматы тұрғындары әкімнің отставкаға кетуін талап етті. Өйткені белуардан балшық кешіп жүрген жұрттың басқа амалы жоқ. Алғабас ауылы қала аумағына кірген кезде су құбырын жүргізу жұмысы басталған екен. Сол үш жылдан бері аяқталмай, қазір көшедегі батпақтан аяқ алып жүру мүмкін емес, -деп хабарлайды КТК арнасы.

Тұрғындар аудан әкімін лайдың ортасына шақырып еді, орынбасары ғана келді. Ашуға булыққан алғабастықтар сол шенеунікті мердігер компанияның басшысымен бірге батпақтың үстімен жүргізді.  Балтырына дейін батпақ жабысқан – қалаға қарайтын ықшамауданның тұрғындары. Бірақ олар өздерін қала тұрғынымыз деп айтуға ұялады. Үш жыл қатарынан аяғынан резеңке етік шешпеген алғабастықтардың ендігі шыдамы шегіне жетті.

Серікқазы Рахматулла:

— Жүру мүмкін емес! Міне, аяғымыз, түріміз! Күнде жұмысқа барып  қайтудың өзі қиын боп кетті! Не сұмдық! Шыдамның да шегі бар! Біз не істеуіміз керек, қарапайым халық?

Тұрғындардың айтуынша, былық шенеуніктер құбыр салғаннан басталған. Қармен бірге қазылған жер де еріп, айнала адам жүргісіз ми батпаққа айналады. Халық талай мәрте әкімдікке шағымданып барған. Алайда уәде берген әкімді сол күйі таппай қалады.   

Бақытбек Әсемжанов:

— Құдай үшін, әкімді емес, жолды ауыстырсыншы! Әкімді айырбастап жібереді, болды, сонымен қалады. Жылда айтады, «ой, жасаймыз, нәтиже шығарамыз» дейді, бірақ жол жасалған жоқ.

Батпаққа батқан ауылдың жайын өз көзімен көрсін деп, алғабастықтар аудан басшылығын арнайы кездесуге шақырған. Алайда әкім өзі келмей, орнына орынбасарын жіберіпті. Ал ол өз кезегінде халықпен сөйлессін деп, орнына басқа адамды алып келген.    

Бектас Сәбитов, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

— Тапсырыс беруші осы энерготиімділік басқармасы! Қаражатты бөлетін осы басқарма! Алатау ауданы әкімдігі емес! Мен сондықтан осы құзырлы мекемені шақырдым, құзырлы мекеме жауап берсін деп айтып отырмын!

Жауапкершілікті бір-біріне ысырған басшылық, ақыры батпаққа қатысты пікірін білдірді. Айтуларынша, құбырды салған бойда жолды тегістетіпті. Бірақ солай деп айтуы мұң еді, жұрт шулап қоя берді.    

- Бірқатар көшеге адамдар жүретін уақытша жол, тротуар жасап қойған. Жоқ, жоқ, жасаған жоқ! Өтірік емес, мен сізге барып көрсете аламын ол жолдарды.

Осылай деп журналистерді сендірмек болған әкім орынбасары өз аузынан тапты. Шенеуніктердің жалған сөзіне шыдамаған халық туфли мен италиялық қымбат брендті күрте киіп келген шенеунікті батпақтың үстімен сүйрей жөнелді.     

— Қараңдар, не болып жатыр! Балалар далаға шыға алмай отыр! Серуендей алмай отыр! Бамперімізді күнде құртамыз!  

Үсті-басы былғанған әкім орынбасары ақыры тұрғындардан қашып тынды. Ал құбыр салуға тапсырыс берген басқарма өкілдері наурыз айының соңына дейін асфальт салуды бастауға уәде берді. Ал оған дейін Алғабас тұрғындарына батпақ кешіп жүре тұруына тура келеді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15