Бауырым жараланғанда жедел жәрдем шақырудың орнына видеоға түсіріп жатты

29.03.2018, 03:04

6

Кеше Қызылорданың қақ ортасында атыстан 18 жастағы жігіт жарақаттанып ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер үш сағат ота жасағанымен Азамат БАЗЫЛДЫ аман алып қала алмады.«Науқас ауруханаға түске кезде жағдайы өте ауыр болды. Дереу жансақтау бөліміне жеткізілді. Консилиум құрылып, ота жасалды. Ота кезінде жігіттің жүрегі екі рет тоқтап қалды. Зардап шегушінің ағзасынан оқ алынды. Өкінішке орай, өмірін аман алып қалу мүмкін болмады», — деп мәлімдеген еді  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі. Қазір марқұм Азамат Базылдың отбасы қайғыдан қан жұтуда. Ай күннің амандығында жақынынан айырылған олар есеңгіреп қалған. Азаматтың анасына жедел жәрдем жиі шақырылуда. «Азаматтың телефонынан хабарласты. Інімнің жарақат алғанын айтты. Дереу оқиға орнына жеттім. Барғанда Азамат көшенің ортасында жатыр екен. Есін біледі. Куәгерлер жедел жәрдемге хабарласудың орнына телефондарына түсіріп тұрған. Осы жағдай бізді қатты ренжітеді. Біреудің қайғысы біреуге қызық болды», — дейді Азаматтың ағасы Айбек БАЗЫЛ. Қазір бұған қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабы,3 бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы қамауға алыныпты. Қала ортасында күндіз оқ атып төбелескендердің аты-жөні тергеу мүдесіне орай айтылмай отыр.

Айнұр Манатбай, Қызылорда

Фотолар автордікі.

 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34