21.06.2019, 13:36
76
Оралқаласында Сириядан келген 19 жастағы жігіт сегіз жылға сотталды. Судья НайляЖҮНІСОВА оны ҚК-тің 257 бабының 2 тармағы бойынша (Террористтік ұйымға қатысқан)үкім шығарған.
uralskweek.kzсайтының жазуыншаАбай ХАМЗУЛИНДІ ата-анасы он бес жасында Түркияға алып кеткен. Олар діникөзқарастары бойынша Сирияға аттанған. Абайдың қарындасы мен анасы Түркияда қалып,өзі әкесімен Сирияға өтіп кетеді. Бір жылдан соң 16-ға толған боз баланы әскеридайындықтан өту үшін арнайы жасаққа қабылдайды.
Тергеушілердіңмәліметі бойынша Абай Хамзулин ИГИЛ жасағының құрамында болған.
«Біз соттың шешімімен келіспейміз. Абайдың кінәсі жоқ. Олешқашанда теракт ұйымдастырып, қарулы қақтығыстарға қатыспаған. Бар айыбыөзінің еркінен тыс Сириядағы әскери базада болғаны», — депті сотталушыныңәпкесі Сәуле КУРЬЯН журналист Мария МЕЛЬНИКОВАҒА.
Сәуленіңайтуынша, оның бауыры бір жылдан кейін әскери дайындық жасағынан қашып шығып,күрдердің тұтқынына түседі. Сол жерде Қазақстан үкіметіне хат жазады. Оныңтұтқынан босап шығуына «Қызыл крест» ұйымы мұрындық болған.
Енді Абайдыңтуысқандары облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші. Қазір жас жігіттіңотбасы Қазақстанға оралыпты. Әкесі тергеу абақтысында екен.
Фото: uralskweek.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР