Бауыржан Байбек қоғамдағы масылдық туралы айтты

26.08.2019, 10:14

100

Соңғы кездері әлеуметтікмасылдық туралы шенеуніктер жиі айтып жүр. Бұқара тарапынан жұмыссыздық, пәтермәселесі айтыла басталған тұста масылдық деген сөзді құлағымыз шалатын болды. «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК жұмыс істемейтінадамға жәрдем берсек, еңбек етіп салық төлеп жатқан адамдар ренжиді дегенпікірде екен.

«Әрбір партияның мүшесі ашық, қарапайым сөзбен кез келгенжағдайды түсіндіруі керек. Мысалы, бәріміз қазақпыз ғой. Туыстарымыз,достарымыз болады. Біреуінің жағдайы жақсы болса келіп ақша сұрай келеді. Біркөмектесесің, екінші рет көмектесесің, үш көмектесесің. Бір рет жоқ десең жауболып шығасың. Немесе біреуіне көмектесесің басқалары шығады. «Неге оғанкөмектесіп жатырсың? Неге маған көмектеспей жатырсың?» деп. Солай бір-біріміздітартамыз. Мемлекетте де солай бола береді. Кейбіреулері жұмыс істейді. Бос уақытынтиімді пайдаланады. Күн сайын бір-екі жұмыс болсын. Біздің қоғамымыздакөпбалалы аналар өте көп. Мысалы, кешегі Айнұр. Төрт баласы бар. Бірақ, үйдеқұр отырмай, мемлекетке қарамай, әрине мемлекет жағдай жасап отыр. Бірақ, өзіталпынып жұмыс істеп келе жатыр. Сондықтан, біздің негізгі мақсатымыз –халыққа балық емес, қармақ беру. Біркүні жеп тастайсың бәрібір бітеді. Өз адал еңбегімен көп адамдар жұмыс істепжатыр. Салық төлеп жатыр. Несиенің пайыздарын өтеп жатыр.

Олар ертең айтпай ма, «мен де онда үйде отырайын. Мен неүшін жұмыс істеймін? Адам деген қоғамға, еліне, мемлекетке жұмыс істеуі керек.Жұмыстан кейін үйіңе  келсең беделің де,абыройың да болады. Мысалы көп ұстаздар төмен жалақымен жұмыс істеп жатыр.Біреуге тегін береміз. Ал, жалақыны кім көтереді? Сондықтан, біз бәріміз қоғамболып ойлануымыз керек. Біреуге тегін берсең, онда бәріміз жұмыс істемейотырайық. Онда не боламыз ертең? Сондықтан, мен ойлаймын адамдардың білімін,мәдениетін көтеру керек. Түсіндіру керек», — деді Бауыржан Байбек Хабарагентігінеберген сұхбатында.  

Фото: ztb.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56