Бауыржан Байбек Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті

28.02.2020, 16:29

6

Елбасыныңтапсырмасы бойынша Бауыржан Байбек аймақтарды аралауды жалғастыруда. Қызылордаоблысына жұмыс сапары кезінде ол Шиелі және Жаңақорған аудандарыныңтұрғындарымен кездесті.

Өңірдің ауылшаруашылығын негізінен күріш өсіру саласы құрайды. Шиелі ауылында«Nur Otan»басшылығымен кездесуде шаруа қожалықтарының жетекшілері осы саланы субсидиялау,оны әртараптандыру және суармалы жер көлемін ұлғайту мәселелерін көтерді. ПартияТөрағасының Бірінші орынбасары аталған мәселелердің шешімі әзірленіп жатқан осыаудандарды дамытудың 5 жылдық бағдарламаларында көрініс табатынын атап өтті.

«Тұрғындар бірінші кезекте 16 мың гектардан астам күрішалқабын суаруға пайдаланып отырған Әйтек стратегиялық гидроторабын жаңғыртужайын алға тартты. Салалық министрліктің су ресурстары комитеті басшылығыныңайтуынша, биыл жоба-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін гидроторапқа жөндеужұмыстарын бастау жоспарлануда. Осы жұмыстардың орындалу қарқынын ауыл тұрғындарыменбірге «Nur Otan» партиясы бақылайтын болады», — деп жазды өз Twitterпарақшасында Бауыржан Байбек.

Өңірге жұмыс сапарыбарысында партия Төрағасының Бірінші орынбасарыЖаңақорған ауданы Бірлікауылының тұрғындарымен кездесті. Орталықтандырылған газбен қамтудың жоқтығы 2,7мыңға жуық адам өмір сүріп жатқан елдімекеннің – негізгі проблемасы.

«Nur Otan» партиясы Елбасының өңірлердегі тұрғындардыңөмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына мониторингжүргізуде.  Өткен жылы партия СъезіндеНұрсұлтан Назарбаев «Құтты мекен» партиялық жобасына бастамашы болып, алдағыбірнеше жылда 1 млн.-нан астам қазақстандықтарды газбен қамту  жөнінде тапсырма берді. Жергілікті биліктіңмәліметіне жүгінсек, 400-ден астам тұрғын үйді газбен қамту үшінжобалық-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлініпті. Ауылды 2021 жылыгазбен қамтамасыз ету көзделіп отыр», — деді ол.

Тұрғындар өзкезегінде тағы бір әлеуметтік мәселе – ауылдағы жалғыз балабақшада орынжетіспеу мәселесін көтерді. 1974 жылы салынған «Қызғалдақ» мектепке дейінгімекемесі 65 орынға ғана есептелген. Ал, кезекте 115 бала тұр. Аудан әкімініңайтуынша, көктемде мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде балабақшаға арналғанжаңа ғимараттың жұмысы басталады. Жыл аяғына дейін аяқтауға уәде беріп отыр.Партия төрағасының Бірінші орынбасары «Nur Otan» тұрғындармен бірге нысанныңбелгіленген мерзімде тапсырылуын және ең бастысы атқарылатын жұмыстардыңсапасына  бақылау жүргізетінін айтты.

Содан кейінБауыржан Байбек партияның белсенді мүшелерімен және «Nur Otan»-ның жаңажақтастарымен бірнеше кездесу өткізді. Кешке қарай партияның қолдауымен ұлыАбайдың 175 жылдық мерейтойына орай Сыр елінде өтіп жатқан «Абай жолымен» аттыреспубликалық айтысты тамашалады.

Бұл – партияныңмұрындық болуымен Абайға арналып өтіп жатқан екінші айтыс. Биылғы сөз сайысыныңбеташары елордада «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты аламан айтыспен ашылғанболатын. Енді ол Сыр еліндегі өнер додасына ұласты.

Айтысты белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман жүргізіп, жыр аламанына Серік Құсанбаев, АйбекҚалиев, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан бастаған он екі ақын қатысып, бақ сынады.

Партия ТөрағасыныңБірінші орынбасары көрермендерге арнап өз лебізін білдіріп, төл өнеріміз–айтыстың маңызына тоқталды.

«Сөз барымтасында Абайдың асыл ойлары мен арман-аңсары,құндылықтары мен ізгі мұраттары азулы айтыскерлеріміздің жырына арқау болды.Өскелең ұрпақтың бойына кемеңгер Абай өсиетіндегі жасампаздық рухты сіңіру –халқымыз үшін де, сол халықтың аманатын арқалаған «Nur Otan» үшін де ең негізгімақсат. Саяси ұйымымыз үшін айтысты қолдау – ұлттық өнерге деген қамқорлықпенқатар, халқымыздың мұң-мұқтажынан тікелей ақпарат алудың, елге жақын болудыңжолы.

Биыл дана Абайдың 175 жылдығына орай республикалық,облыстық және аудандық деңгейдегі 20-ға жуық ақындар айтысы өтеді депжоспарлануда. Одан бөлек, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және ҰлыЖеңістің 75 жылдығына арналған ақындар айтыстары ұйымдастырылады», – дедіБауыржан Байбек.

Аламан айтыстың басжүлдесі белгілі ақын, «Алтын домбыраның» екі дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязовқабұйырды. Ал бірінші орынды батысқазақстандық Жансая Мусина иеленсе, екіншіорынды Әсем Ережеқызыеншіледі. Үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен АйбекҚалиев алды.

Еске сала кетейік,Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы бірнеше айдан бері орталық жәнежергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, алдағы 5 жылға аудандарды,қалаларды және облыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіпжатыр. Аталған бағдарламаларда әрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктеріескеріліп, азаматтардың нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Осыжұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін,тіпті шалғай елді мекендеріне дейін аралап шығады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39