Бауыржан Байбек Түркістан облысының шалғай ауылдарын аралады

27.02.2020, 18:27

19

«NurOtan»партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары БауыржанБайбек бірнеше күн ішінде Түркістан облысының Созақ, Отыраржәне Жетісай аудандарының шалғай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Жетісай ауданында БауыржанБайбек Абай ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олар үшін аса өзекті болып отырғанегіс алқаптарын суару мәселесінің мән-жайына қанықты. Мұнда бірнеше жылдан бері2600-ден астам шаруа қожалықтары пайдаланатын К-30 суару каналын қайта қалпынакелтіру аяқталмай келеді.

«Тұрғындар айтқандай, каналды бетондау жұмыстарымерзімінен кешіктіріліп, көбінесе сапасыз жүргізіледі. Аталған мәселе, орталық,және жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестіруді қажет етеді. Шаруақожалықтарының басшыларымен бірге мақта индустриясын дамытуға мемлекеттікқаржылай көмек көрсету мәселесін де көтердік. Бұл мәселелерді елордадапартиялық алаңда партия мүшелері – ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстарминистрлерінің қатысуымен егжей-тегжейлі талқылауды жоспарлап отырмыз.Қорытындысын тұрғындарға  қосымшахабарлаймыз», – деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Бұдан кейін партиятөрағасының Бірінші орынбасары Отырар ауданының Шәуілдір ауылына ат басынтіреді. Мұнда бұрын 300-ден астам отбасы жылу мәселесіне байланысты «NurOtan»-ға хабарласқан болатын.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі»жобасының аясында бүгінде еліміздің шалғай аудандарының түйіткілді мәселелеріншешу бойынша партия жүйелі шаралар әзірлеуде. Облыс әкімінің айтуынша, жақынарада бюджетті нақтылау кезінде жылу жүйелерін салу үшін 700 млн. теңгеденастам қаржы бөлінеді. Қазандықтың құрылысына қаражат бөлінген. Ауыл тұрғындарыкөтерген мәселені шешу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды»,– деп атапөтті Бауыржан Байбек.

Түркістан облысынажұмыс сапары барысында билеуші партия басшылығы Жетісай қаласындағы 1964 жылысалынған апатты жағдайдағы емхананың орнына жаңадан бой көтерген қалалықемхананың ғимаратымен танысты. Тиісті медициналық жабдықтардың толықжеткізілмеуінен бұл нысан бірнеше айдан бері пайдалануға берілмей келеді. Жергіліктібилік бұл мәселені таяу арада шешеміз деп сөз берді.

Сол күні БауыржанБайбек Қазыбек ауылына да барып, облыстағы ізгі жүректі кәсіпкерлердіңкөмегімен баспанаға қол жеткізген отбасылармен кездесті.

«Бақытты отбасы»партиялық жобасының аясында облыста қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдаукөрсетуге бағытталған «Қамқорлық» қайырымдылық бағдарламасы табысты жүзегеасырылуда.

«Жетісай ауданындаәлеуметтік қолдауды қажет ететін 141 отбасы тіркелген. Өңір басшылығыныңбастамасымен олардың әрбіріне «Nur Otan»-ның мүшелері мен жақтастары арасынанкураторлар бекітілді. 86 отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Демеушілікқаражаттың есебінен 10 мұқтаж отбасыға үй салынып жатыр.

Менің ойымша, бұл – даңқты бабамыз, ұлы философ, ойшыләл-Фараби тұжырымдаған ізгі және қайырымды қоғамның нақты мысалы.Ынтымақтастық, әділдік, өзара сенім және жауапкершілік, әлсіздерді қуатты,жағдайы жоқты ауқатты адамдардың қолдауы – «Nur Otan» партиясы ұстанатынөзгермес басты құндылықтар», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік,Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы бірнеше айдан бері Үкіметпен жәнеөңірлік филиалдармен бірлесе отырып, алдағы 5 жылға аудандарды, қалаларды жәнеоблыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр. Аталған бағдарламалардаәрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақтықажеттіліктері көрініс табатын болады. Осы жұмыстардың аясында «Nur Otan»партиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін, тіпті шалғай елді мекендерін де аралап шығады. Бүгінгі шаралар аяқталған соң Бауыржан Байбекбірден Қызылорда облысына жұмыс сапарымен жол тартты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Амангелді СЕЙІТХАН 11:05
Атамекенім қайда екен?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 10:52
Желтоқсаншылар жеткілікті деңгейде құрметтеліп жатыр ма?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10:30
Хрущев салған үйлерді Сағынтаев модернизациялай ала ма?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ, 10:28
Менің "Қарызстаным"
Қарлығаш Зарыққанқызы 09:45
Дүниеге несібемен емес, несиемен келіп жатыр қазақтың баласы...
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16