Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Шымкент шаһарына келді

25.02.2020, 01:23

5

«NurOtan» партиясы басшылығының аймақтарға сапарыосы аптада еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жалғасты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасарыБауыржан Байбек алдымен Шымкентке ат басын тіреп, қаладағы бірқатар проблемалық нысандарды аралады.Сондай-ақ бүгін кезектен тыс конференцияда қала әкіміМұрат Әйтенов қалалық филиал төрағасы болып сайланды.

Ол жұмыс сапарынқалаәкімімен бірге ШымкенттіңАбай ауданындағы М. Водопьянов көшесінің өткенжылы үйлері өртенген тұрғындарымен кездесуден бастады. Бұл проблемалық нысанпартия төрағасы Бірінші орынбасарының алдыңғы сапарының қорытындысы бойыншақыркүйекте партиялық бақылауға алынған болатын. Қазіргі уақытта «Отау строй»құрылыс компаниясы тұрғын үйдің іргетасын қалап, екінші қабатына құрылыс-монтажжұмыстарын жүргізуде.

«Елбасы айтқандай, «Nur Otan» – нақты істердің партиясы. Сондықтаносы мәселені бақылауда ұстап, арнайы келіп, өздеріңізбен кездесіп отырмыз.Өздеріңізкөріп отырсыздар, компания бар, қаражат бөлінген, құрылыс жүріп жатыр. Бұлмәселе партияның бақылауына алынған. Бізбен бірге қала әкімінің өзі келіп отыр.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Бәрі заң шеңберінде шешіледі», – дедіБауыржан Байбек.

Жергілікті биліктіңмәліметіне қарағанда, 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жуырда бюджеттінақтылау кезінде қажетті қаражат бөлінеді. Тұрғын үй жыл соңына қарайпайдалануға беріледі.

Содан соң БауыржанБайбек қалаға бұдан бес жыл бұрын қалаға қосылған «Таскен» ықшам ауданынабарды. Мұнда 2 мыңдай үй мен бірқатар әлеуметтік нысан электр энергиясыныңауық-ауық үзіліп қалуынан қиындық көріп отыр.

«Осы шағын ауданда тиісінше жұмыстар жүріп жатыр. 2000 үйдеген ол үлкен шаруа. Газ шешілуде, су шешіліп жатыр. Қалған мәселелер деретімен шешіледі. Қыркүйек айына дейін жергілікті монополист «Оңтүстік ЖарықТранзит» 270 миллион теңгеге 39 км жаңа желі тартуды және 9 трансформаторорнатуды жоспарлап отыр. Тарифтердің ашықтығы мен коммуналдық қызметтердіңсапасын қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» бастамашылық еткен «Айқын тариф»жобасының аясында біз бұл мәселені партиялық және қоғамдық бақылауда ұстаймыз,- деді Бауыржан Байбек.

Кездесу кезіндетұрғындар басқа да түйіткелдерді, соның ішінде шағын аудандағы жолдардыңсапасына қатысты мәселелерді ортаға салды. Жергілікті биліктің айтуынша,көктемде осындағы бірнеше көшені жөндеу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар «NurOtan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында Шымкентқаласының белсенді тұрғындарымен, зиялы қауыммен, жастармен және үкіметтік емесұйым өкілдерімен бірнеше кездесу ұйымдастырып, қаланың өзекті мәселелерінбірлесе талқылады. Олардың қатарында қаланың дамуы, инженерлік және жолинфрақұрылымы, денсаулық сақтау, мәдени-әлеуметтік жағдайы, идеология саласы,руханият жайы бар. Бауыржан Байбек жұртшылық көтеріп отырған мәселелердіңбарлығы әзірленіп жатқан қаланы дамытудың 5 жылдық бағдарламасына енетінін атапөтті.

Бас қосуда зиялылармен ел ағалары да өз сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. Әсіресе, елдеидеологиялық жұмыстарды жолға қою, телеарналарды арзанқол, татымсыз хабарларданарылтып, пайдалы ақпаратпен толтыру, медицина қызметкерлерінің мәртебесінкөтеру, төтенше жағдай, жол полициясы, т.б. сала қызметкерлеріне алғашқымедициналық көмек көрсету тәсілдерін үйрету секілді ұсыныстар берілді.

«Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасы бойынша, бізбарлық өңірлердегі осындай «әлсіз тұстарды» орталық және жергілікті атқарушыоргандармен бірлесіп жүйелі шешу үшін анықтаймыз. Бұл мәселеде халықбелсенділік танытады деп үміттенеміз. Біз бірге, диалог және өзара сенім арқылығана ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасыніске асыра аламыз», – деді Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, Елбасытапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы бірнеше айдан бері Үкіметпен жәнеөңірлік филиалдармен бірлесе отырып, алдағы 5 жылға аудандарды, қалаларды жәнеоблыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.Аталған бағдарламаларда әрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктеріескеріліп, азаматтардың нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Осыжұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін,тіпті шалғай елді мекендеріне дейін аралап шығады.Бүгінгі шаралар біте салысымен Бауыржан Байбек Түркістан облысына жұмыс сапарыменжол тартты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34