Баянауылда қысқы туризм қолға алынады

26.09.2018, 03:41

4

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық саябағы қыста да туристтерге құшақ ашпақ. Осыған орай шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларда қолға алынып жатыр. Кереку өңірінде орналасқан Баянауыл өлкесі – көз тартар көрікті орын. Тарихы терең қасиетті мекенде Жүсіпбек Аймауытов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шапық Шөкин, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов сияқты дарындар дүниеге келген. Ал кезінде ақын-жазушылар жырына қосқан Баянауыл ұлттық табиғи паркі бүгінде ерекше қорғалатын аймақ болып табылады.Ұлттық саябақ мәртебіне осыдан 33 жыл бұрын ие болған. Жалпы аумағы 50 мың гектардан асатын паркте үлкенді-кішілі көлдер бар. Оның ең ірісі – Сабындыкөл. Аты айтып тұрғандай оның суы сабын суындай жұмсақ. Кейде көбіктеніп жататыны да сондықтан. Тұщы көл теңіз деңгейінен 452,7 метр биіктікте орналасқан. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, мұнда кезінде Баян сұлу қолаң шашын жуып отырып, сабынын суға түсіріп алған. Содан бері көл осы атауға ие болған деседі.Көлемі жағынан екінші орында – Жасыбай көлі. Бұл көл еліміздегі ең таза көлдердің бірі болып табылады. Мөлдір болуының себебі де жоқ емес. Көл суы тау-тас астындағы бұлақтардан келеді. Көлге кезінде жоңғарлармен шайқасқан қазақтың атақты батыры Жасыбайдың есімі берілген. Тарихта жазылған мәліметтерге сүйенсек, Жасыбай батыр басшылық жасаған әскер Сарыарқа даласы үшін 1762 жылы Шойынкөл маңында күресіп, жау бетін қайтарған. Бүгінде көлдің жанындағы тауда батырдың зираты орналасқан.Көлдің өзінде Махаббат аралы орналасқанын айта кетейік. Бұл орын Баян сұлу мен Қозы-Көрпеш туралы аңызға толы жер. Бүгінде бұл арал ғашықтардың оңаша қалып уақыт өткізетін сүйікті орнана айналып үлгерген. Ал суы тұщы Жасыбай көлінде тұқы, алабұға, шортан, тағы басқа  балықтар кездеседі.Бұған қоса құстардың  50-ге жуық түрі  мекендейді.Ал көлемі жағынан үшінші орынды алатын Торайғыр көлі — Баянауыл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым қашықтықтағы Ақбет тауының етегінде орналасқан. Орташа тереңдігі 3,1 метрлік бұл көлде мөңке, алабұға сияқты балық түрлерін кездестіруге болады. Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров осы өңірде туып-өскендіктен көлге оның есімі берілген. Ағартушының зираты да осы көлдің маңында.Көл айдындардан басқа туристер үшін Баянауылда қызықты жерлер көп. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Қоңыр Әулие үңгірі, Академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейі. Аталған бұл орындарға жұрт әсіресе көктем мен жаз айларында көптеп келеді. Осылай деген жергілікті атқамінерлер биыл еліміздегі инвест-жобалар арасында өткен ондыққа енген Баянауыл өлкесін дамыту үшін уақыт пен қаражатты аямау керек деп санайды.-Баянауылды барынша дамыту үшін бірқатар жобалар қолға алынып, қазір олардың жүзеге асуы үшін жұмыстар атқарылуда. Мәселен, туристер көп келетін Жасыбай көлінің жағасындағы нысандарға орталық су және кәріз жүйесін тарту мәселесі. Осы ретте шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, олармен бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру жоспарланған.Өздеріңіз білетіндей, Баянауылға алдағы уақытта Астанадан, Алматыдан және Павлодардан тікелей әуе рейстері ашылады деп жоспарлануда. Ол үшін су жаңа ғимарат салынуда. Айта кетерлігі, Баянауыл ауданындағы Майқайың кентіне жүк пойыздары жүреді.Болашақта жолаушы тасымалдайтын пойыздар да қатынауы мүмкін. Бұл әрине уақыт пен қаражатты талап етеді, — дейді Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және турзим басқармасының бөлім басшысы Салтанат НҰРМАҒАМБЕТОВА.Осылай деген атқамінерлер, еліміздегі инвест-жобалар арасында өткен ондыққа енген Баянауыл өлкесінің ерекше қорғалатын аймақ екенін ұмытпаған жөн дейді. Мұндағы қысқы туризмнің кең қанат жая алмай тұрғанына осы себеп. Өйткені, мұнда пеш жағуға, яғни нысандарды отынмен жылытуға қатаң тыйым салынған. Ал электр қуатымен жылытуды  кез-келген кәсіпкердің қалтасы көтермейтіні анық. Сондықтан қысқы туризмді де жандандыру мәселесі қолға алынуда. Осы ретте былтыр «Туған жер» бағдарламасы аясында заманауи тау-шаңғы кешенінің құрылысы басталғанын айта кетейік. Қысқы курорт бүгінде Баянауыл ұлттық саябағы аумағындағы 850 метрлік биіктікте Мырзашоқы тауында салынуда. Жобаны іске асыру үшін демеушілердің көмегімен 300 миллион теңге бөлініп, Түркиядан құрал-жабдықтар әкелінген болатын. Жаңа арқанды жолдың ұзындығы бір шақырымнан асады деп күтілуде.Екі орындық  70 кабинаның игілігін қыс айында мұнда келген туристер көрмекші. Мамандардың болжамына сексек,  арқанды жол арқылы бір сағаттың ішінде 550 адам тасымалдануы тиіс.Фотолар: yvision.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34