"Базардың кіре берістерінде тепловизор жоқ"-Бекшин

22.05.2020, 06:35

155

<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Алматыда жұмыс істеуге рұқсат берілген сауда нүктелері мен қызмет көрсету орындарында санитарлық талаптар сақталмайды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мониторингтік топ бірқатар нысанды тексеріп, соған көз жеткізді.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;">  Енді ескертуді елемей, салғырттық танытқан кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бастаған тексеру тобы азық-түлік дүкеніне топырлап кіріп келгенде сатушылар тосылып қалды. Барлығы маска киген. Бірақ кейбірінде қолғап болмады.  Таңғы уақыт болған соң келушілер аз. Ал көк базар маңында адам көп.  Мысалы, жұмыс істеуге рұқсат берілген күннен бастап осы тұстағы сән салондары мен шаштараздарға тыным жоқ.  <p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;">  «Көк базардың» азық-түлік сататын бөлімі карантин кезінде есігін жапқан жоқ. Дегенмен, төтенше жағдай режимі өткеннен кейін базардағы санитарлық талапты сақтау тәртібі босаңсыған. Өйткені дәл осы тексеріске дейін бетперде кимеген адамдар көп еді. Ал бүгін барлық саудагерлердің жаппай маска мен қолғап киіп алғаны  уақытша көзбояушылықтай көрінді. Кіре берісте келушілердің дене қызуын анықтайтын тепловизор ұстаған адам жоқ. Адамдар арасындағы арақашықтықты сақтау дегенді мүлде байқамадық.  Тіршілік қайнаған базарда бұдан басқа да кемшіліктер анықталды.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин: «Ең басты бұзушылық,  базардың кіре берістерінде тепловизор жоқ. Сондықтан Медеу ауданының санитарлық дәрігеріне тапсырма берілді. Базар әкімшілігіне айыппұл салу үшін» деді.<p style=«font-size:16px;color:#333333;font-family:»background-color:#FFFFFF;"> Карантин уақытында қауіпсіздікке салғырт қарап, санитарлық талапты ерен санамаған базар әкімшілігіне 4 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Жалпы қала әкімдігінің мониторингтік тобы 3 мыңнан астам нысанды тексерді. Оның  91-де тазалық пен санитарлық талаптардың орындалмағаны анықталды. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39