«Bek Air» компаниясы апатқа қатысты мәлімдеме жасады

30.12.2019, 17:07

77

«Bek Air»компаниясының өкілдері әуе апатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде «Hola news»басылымы хабарлады.

Компания басшысыНұрлан Жұмасұлтановтың сөзінше, ұшақ тұрғын үйге соғылмағанда адамдардыңбарлығы аман қалар еді.

«Егер ол үйге соғылмағанда бүтін болар еді. Мен әуежайқызметінің жазбаларын көрдім. Онда ұшақ үйге соғылғанға дейін қирамаған. Егерүйлер болмағанда барлығы аман қалар еді. Ол қорғанды бұзып өтіп, сол жағыменүйге соғылған. Осыдан кейін алдыңғы бөлігі үйдің бір жағына, артқы бөлігі басқабір жағында қалған», — деді Жұмасұлтанов.

Бұдан бөлек, ол2016 жылы«Bek Air» ұшағымен болғанжағдайға байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ұшақ қозғалтқыш немесешассиі істен шықса да қонуға негізделіп, жасалған. Бірақ ол ғимаратқа соғылуғанегізделмеген.

«Иә, ол жолақта қалды. Барлығы аман-есен болды. Осы үшінбіздің ұшқышымыз «Халық Хаһарманы» атағын алды. Ұшақ қозғалтқыш немесе шассиіістен шықса да қонуға незілделген. Бірақ ол ғимаратқа соғылуға арналып жасалғанжоқ», — деді компания басшысы.

«Bek Air»компаниясы ұшақ соқтығысқан үй иесіне оның құжаттары дұрыс болған жағдайда ғанаөтемақы төлейтіндіктерін мәлімдеді.

«Егер құжаттары дұрыс болмаса бұл компанияның емес, үйсалуға рұқсат бергендердің ісі», — дейді компания өкілдері.

Естеріңізгесалайық, желтоқсан айының 27-і күні таңертең «Bek Air» компаниясына тиесілі «Fokker– 100» ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам көз жұмған. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен 5экипаж мүшесі болған. Олар Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған. Осыдан кейін президентҚасым-Жомарт Тоқаев 28-ші желтоқсанды аза тұту күні деп жариялаған.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44