"Bek Air" ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді

10.02.2020, 10:39

125

Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі Решет Қалибекті сотқа берді. Бұл жөнінде Tengrinews.kz басылымы хабарлады. 

Үй иесі Решет Қалибектіңайтуынша, сотқа шақырту қағазы оған бір апта бұрын келген.

«Жақында BekAir маған сотқа бергені туралы қағаз келді. Енді ойлап отырғаным, неге жергерұқсат берген әрі сол жерге үй салуға рұқсат берген әкімдіктің үстінен емес,менің үстімнен арызданады? Енді мені кінәлі қылғысы келеді. 21 ақпанға сотқашақыртып отыр. Мен бастапқыда Bek Air компаниясының үстінен арызданғанмын. Аленді олар менің үстімнен арызданып отыр», — деп хабарлады Решет Қалибек.

Bek Air ұшағыбылтыр 27 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған. Лайнер АлматыданНұр-Сұлтанға ұшып шыққан бетте құлдилап, әуежай қоршауынан асып, үйге соғылғанболатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Апатсалдарынан 12 адам қаза тапты. 

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55