Бекшин коронавирустың төртінші толқыны келгенін айтты

Сайт әкімшілігі

12.07.2021, 13:36

2146

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды, — деп хабарлайды  Polisia.kz сайты.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық — «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.

Біраз уақыттан кейін «Сұңқар» медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар, №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үш өңірде вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысқан медицина қызметкерлерін ұстаған болатын.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 08:40
Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
Сайт әкімшілігі 18.05.2022, 12:15
Ташкентке Алматыдан пойыз қатынайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 18.05.2022, 06:15
Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
Жарас КЕМЕЛЖАН 17.05.2022, 12:40
Қазаққа кім қымбат?
Сайт әкімшілігі 17.05.2022, 10:30
Тілдің болашағы талқыланды
Жарлы БАЙҒАНИН 17.05.2022, 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»

Аңдатпа


  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17
  • Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
    18.05.2022, 06:15
  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13