Белгілі саясаткерлердің Қазақстанның антиядролық саясатына берген бағасы

Еркежан АРЫН

17.03.2021, 17:15

994

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Президенті:

«Тұңғыш Президенттің кеңестік әскери элита мен жекелеген саясаткерлердің қарсылығына қарамастан қабылданған ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімі орасан зор батылдық пен темірдей ерік-жігерді талап етеді. Бұл бүкіл әлемдік антиядролық қозғалыс үшін катализатор болды».

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы:

«Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық антиядролық қозғалысты басқаруы керек. Бұл рөлге одан артық ешкім лайықты емес».

Дмитрий Медведев, Ресейдің экс-президенті:

«Барлық қауіп-қатерлер жабық, қазіргі полигонның формасы мүлдем басқа, Қазақстан болашаққа сеніммен қарай алады, осы аумақты дамыта алады. Ресей, Қазақстан және Америка Құрама Штаттарының полигондағы өзара әрекеті басқа елдер үшін жақсы үлгі болып табылады».

Барак Обама, Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті:

«Мен Қазақстанның және Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіптің төмендеуіне негіз қалауға мүмкіндік берген және ядролық қаруды таратпауға күш салған тарихи шешімін өте жоғары бағалаймын», — деді Обама 2010 жылы Халықаралық «Ядросыз әлем» форумға қатысушыларға жолдауында.

Ласина Зербо,БҰҰ-ның атқарушы хатшысы:

«Әлемде ядролық қарудан азат әлем құру және ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі біздің жұмысымыздың мақсаттарын жүзеге асыратын басқа бірде-бір жетекші жоқ шығар. Мен сіз қалдырған мұраны жалғастыруға ниеттімін. Сіз жасаған барлық нәрсе – бүкіл дамушы әлем үшін үлгі».

Томас Гранд, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі АҚШ комиссиясының мүшесі:

«Қазақстан ядролық қаруды таратпау процесінде өте маңызды рөл атқарады. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені шешуге жаңа серпін берді».

Марк Перенн де Бришамбо, ЕҚЫҰ-ның бұрынғы бас хатшысы:

«Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарды және әлемдік қауіпсіздік жүйесін нығайтуға маңызды үлес қосты. Оның дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жаңа құрметті мүшесіне айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанның жетістіктерінен үлгі алуға болады».

Леонард Спектор, Ядролық қаруды таратпауды зерттеу орталығы директорының орынбасары:

«Біз әрқашан бәріне үлгі ретінде Қазақстан туралы айтамыз. Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қарусыз әлемді жақтайтын адам. Ол ең қуатты ядролық арсеналдан бас тартып, байытылған уранды елден алып кетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге басқа да көшбасшыларды үнемі ядролық бастамаларды азайтуға шақырады».

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 18.04.2021, 02:26
Қазақстан Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі жүргізіліп жатыр
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 17:42
Нұр-Сұлтанда жолда төбелескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 13:27
Алматыда Аяжан Еділованың жерлеу рәсімі өтті
Еркежан АРЫН 16.04.2021, 02:13
Ресей - әскери-стратегиялық серіктес
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.04.2021, 14:38
Доскейдегі дәруіштің күйін кешкен донор
Мәлік ОТАРБАЕВ 14.04.2021, 16:07
БІЗ КҮТКЕН БАҚЫТ

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24