Бердібек Сапарбаев: Аста-төк той жасағанша, туған жерге игілікті іс жаса
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ ақша шашқыш тойшыл қауымды қаланы жақсартуға көмектесуге шақырды. 500-600 қонақ шақырып, сыйлық таратқанша қаланың көркеюіне қаржы шығарған абзал екен. Бұл туралы
«Мой ГОРОД» порталының тілшісі жазды.Осындайда еске Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал АХМЕТОВТЫҢ сөзі түседі. 2017 жылы Даниал Кенжетайұлы облыстағы халықтың депозиттегі 460 млрд теңгесін өңірдің экономикасына салуды ұсынған еді. Бердібек Сапарбаев әріптесіндей тұрғындардың қалтасындағы ақшасын санамаса да, халықтың салығын аздық етті ме екен, ақтөбеліктерді өзіне болысуға сыпайы ғана шақырды.[caption id=«attachment_23298» align=«alignnone» width=«696»]

Фото: tengrinews.kz[/caption]Әкім бұл сөзді Ақтөбе облысы активінің жиынында айтты. Қала әкімі Ілияс ЕСПАНОВ Ақтөбенің 150 жылдығына жасалып жатқан шаруаларды баяндаған-ды.
— Қаланың 150 жылдығына 150 нысан ашылады. Жеке инвестиция да тартып жатырмыз. 7 парк, 47 көшені ретке келтіріп, 8 жол салынады. 896 млн теңгеге келісім бар. Соның 674 миллионы демеушілердікі. «Трансмостгрупп» компаниясының басшысы Төлеген ТАҢАТАРОВ жол апаты жиі болатын Маресьев көшесін жөндеп беретін болды. Ол кісі өзінің жетпіс жылдық мерейтойында қалаға осындай сый жасамақшы, — деді Ілияс Еспанов. Осы сөздер Сапарбаев мырзаны қатты шабыттандырса керек
: «Бұл өте жақсы бастама. Аста-төк той жасағанша өз жеріңе бір игілікті іс жасаған дұрыс», деді.Фото: informburo.kz
Тегтер:
Нұр-Қасым ЖОМАРТ
06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ
06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі
05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі
05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК
02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА
31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі