Бес бүлдіршін өлімі: «Времянкада» тұруға тиым салу керек

13.02.2019, 23:38

95

ҚР ІІМ министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН қазақшалап сарай деп атауға келетін «уақытша баспаналарды» салып, пайдалануға беруге тиым салынуы мүмкін екендігін жеткізді. Астанада бір отбасының бес бүлдіршіні өртеніп кеткен қайғылы оқиғадан кейін бүкіл елдегі осындай жағдай сарапталып жатыр. Алдағы уақытта мұндай ұсыныс үкіметке жолдануы ықтимал. Министр орынбасарының айтуынша, тұрғын үй иелерінің тұрғын жайларын әкімдіктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өздері рәсімдейтін тәртіп кезінде «бармақ басты, көз қыстылықты» жою үшін енгізілген. Оған дейін баспанасын рәсімдейтін адам сәулет, төтенше жағдай, газбен қамтушы, басқа да көптеген мекемелердің алдынан өтіп, рұқсатын алуы керек болатын. Өкінішке орай, бұл өзгерісті баспаналарды қалай болса солай салып, оларды жалға беру арқылы пайда табуды көздеген жауапсыз тұрғындар бас пайдаларына жарата қойған.-Мен осындай уақытша құрылыстарды салып, оны ешқандай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамастан жалға беріп отырған тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі болуы керек деп санаймын, — деді Юрий Ильин. Алайда, «артық қылам деп тыртық қылмаймыз ба» деген сұрақ қылаң береді. «Времянкада» тұратындардың көпшілігі ауылдан қалаға ағылған, басында не үйі, не күйі жоқ өз қазағымыз екенін ойласақ, олардың арзан сарайлардан кеткенде қайда барып күнелтері тағы белгісіз.Фото: facebook.com
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55