Бес бүлдіршіннің өліміне кім жауапты, Үкіметтен қайран бар ма?!

Нұрболат ӘЛДИБЕК

22.02.2021, 13:15

1270

Өткен жұма күні Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, бір отбасының үйелмелі-сүйелмелі 5 бүлдіршіні қаза тапты. Тұтас елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға ақпанның 19-ы күні шамамен 15:15-те болған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, отағасы жұмыста, анасы дүкенге кетіп, балалар қараусыз қалған уақытты шыққан өрттің салдарынан 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала газдан уланып қайтыс болды. Бес бүлдіршіннің өмірін жалмаған өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтердің балалар бөлмесінде тұтаныпты. Жалын тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған делінген ресми хабарламада.

«Өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған. Өрттің қорытынды себептері барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланатын болады» деді Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев.

Қара жамылып, қайғыдан қан жұтып отырған отбасының отағасы медициналық мекемеде жұмыс істейді, анасы декреттік демалыста (мектепте мұғалім) екен.

Балаларды бір сәтке қараусыз қалдырған байқұс ана арты осылайша орны толмас өкінішке соқтыратынын білді деймісіз. Бейкүнә бүлдіршіндердің айдың-күннің аманында газдан уланып, отқа оранғанынан өткен қасірет жоқ.

Бес бүлдіршіннің өмірін жалмаған тажал-жалынға қатысты билікке кінә артушылардың да қатары қалың. Бұл ретте жұртшылық «өрт сөндіруші» деп білетін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жылдың қорытынды есебін  беріп болғанша Жаңатаста осы қайғылы жағдайдың бұрқ ете қалғанымен байланыстырушылар да жетерлік. Әрине, Әулиеатаның әкімі бұл жағдайға тікелей кінәлі емес екені белгілі. Бірақ, «Осы мемлекеттің ең алыс шетінде қойға қасқыр шапса да мен жауаптымын» деп халифа Омар айтып кеткендей, Мәшбекұлы да жауапты. Бұдан бөлек ана мен баласына толыққанды жағдай жасай алмай отырған үкімет те  осы оқиғадан кейін аналардың әлеуметтік жағдайын жақсы жағынан өзгертуге қатысты тың реформалар енгізер деп үміттенеміз...

       

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11