"Бес қыз қараусыз қалған, өрт сөндірушілер 7 минутта жетіп барды"

05.02.2019, 18:07

84

Үкімет басшысы Бақытжан САҒЫНТАЕВ Астанада өрттен қаза тапқан бес қыздың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы Жас Алаш сайты хабарлайды."Өрттен бес бала қаза тапты. Бұл сұмдық жағдай болды, ата-анасы бес баласынан айырылды. Оларға күш, сабыр берсін. Барлық жақынына көңіл айтамыз", — деді премьер-министр үкімет отырысында.Жиында үкімет басшысы Астана қаласының әкімі Бақыт СҰЛТАНОВТАН қандай шаралар қолданып жатқанын сұрады. Шаһар басшысы өз кезегінде арнайы комиссия құрылып, қыздардың ата-аналарымен жұмыс жасалып жатқанын айтты. Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ өрттің себеп салдарына тоқталды."Қолда бар мәлімет бойынша, өрттің шығуына өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы себеп болуы мүмкін. Балалар қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта барды, жедел жәрдем қызметіндегілер де уақтылы келді. Бірақ көмек көрсете алмады", — деді министр Қасымов. Бүгін Астанадағы Көктал-1 шағын ауданында бес қыздың жаназасы шығарылып, ақтық сапарға жөнелтілді. Олармен қоштасуға жүздеген адам келді. Қала басшысы Бақыт Сұлтанов бой көрсетпеді. Фото: sputniknews.kz  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56