БҒМ терроризмнен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту ережелерін бекітті

Еркежан АРЫН

17.09.2020, 06:54

165

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі өзінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі бұйрығымен террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту ережелері мен мерзімдерін бекітті.

Террористік әрекеттерден зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

— террористік немесе экстремистік ұйым қатысатын ұрыс аймақтарынан немесе шет елдердегі террористік немесе экстремистік ұйым бақылауындағы аумақтардан заңды өкілдерінің бірі республика азаматы болып табылатын баланың Қазақстан Республикасына оралуы;

— экстремизмге немесе терроризмге байланысты қылмыстар жасады немесе осындай қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр деген күдік немесе айып тағу бойынша баланың заңды өкілдерінің бірі ұсталған болса (қамауға алу);

— террористік немесе экстремистік қызметті дайындауға немесе жүзеге асыруға байланысты заңды өкілдердің бірінің қайтыс болуы. 

Әлеуметтік оңалтуды жергілікті атқарушы органдар баланың заңды өкілдерінің бірінің соңғы тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар ПМПК қорытындысын алғаннан кейін 20 жұмыс күні ішінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы органмен келісім бойынша террористік әрекеттерден зардап шеккен баланы әлеуметтік оңалтудың жеке жоспарын жасайды. Атап айтқанда, жоспарға осындай балаларға арналған заңгерлік қызметтер кіреді, олар жеке консультация және жеке сәйкестендіру үшін қажетті құжаттарды алуға көмек көрсетеді. Жоспар сонымен қатар білім беру қызметтерін ұсынады, оған мыналар кіреді:

— әлеуметтік-тәрбиелік кеңес беру;

— баланың даму деңгейін педагогикалық диагностикалау және тексеру;

— баланы тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыру;

— орта білім алу және қосымша білім беру келісімімен.

Сонымен қатар, жоспарға әлеуметтік, психологиялық және мәдени қызметтер, соның ішінде жедел психологиялық көмек те кіреді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 15.01.2021, 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11