BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

13.05.2022, 07:59

1269

Ақпанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарын жүргізуде мемлекеттік тапсырыстардың 25 пайызын BI Groupпен Bazis-А компанияларының тендерсіз, айрықша артықшылықтар арқылы ұтып алғанын жариялаған еді. Атышулы BI Group-қа қатысты тексерулер, жаға ұстатар фактілер мұнымен бітпейтін сыңайлы.

Өткен аптада мәжілісте Халық партиясы фракциясына мүше бір топ депутат үкіметке BI Group холдингінің қызметіне қатысты сауал жолдады.

– Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, холдинг құрылыс саласында монополия орнатқан. Іс жүзінде BI құрылыс компаниясы емес, маркетинг компаниясы болып саналады. Ол ірі компаниялардың пайдасына нормативтік-құқықтық актілерді лоббилеу арқылы өз жобаларын жүргізеді. Мысалы, үлестік құрылыс, тұрғын үй нарығындағы дүрбелең, агрессивті жарнама немесе мемлеттік органдардағы қызметкерлерді ақша беріп сатып алу. BI жобаларының басым бөлігін (тұрғын үйлер, жолдар немесе мемлекеттік сатып алулар) холдингпен байланысты мердігерлер жүзеге асырады. Алайда бұл компаниялар тобының кейбірі банкротқа ұшырағаны туралы бірнеше рет хабарланды. Осыған байланысты көкейде «Олар салықтан жалтарған жоқ па?» деген ой туындайды, – дейді депутат Жамбыл Ахметбеков.

Коронавирус індеті кезінде өңірлерде жұқпалы ауруларға арналған госпитальдардың құрылысын BI Group-тың құрамына кіретін KAZPACO ЖШС жүргізген. Серіктестік 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде BI-дің лоббилік қолдауымен Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан және Қызылорда облыстарында ешқандай бәсекесіз 78 миллиард теңгеден аса сомаға 10 коронавирус госпиталін салуға тапсырыс алды. Бұдан бөлек, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында коронавирус ауруханаларын салды. Бұған15 миллиард теңге жұмсалды.

– Шымкентте және Алматыда екі модульді аурухананың сапасыз салынғанына, қаражаттың орынсыз жұмсалуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс қозғады, ал Алматы госпиталін салу барысында мемлекетке шығын келгенін аудиторлық тексеру растады. Тергеу нәтижесі әлі жарияланған жоқ, – делінген депуттық сауалда. Осы фактілерді келтірген халық қалаулылары BI Group компаниясына қатысты кең көлемде тексеру жүргізу қажеттігін сұрап отыр.

Қазір Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарына қатысты тексеру жұмыстары онсыз да басталып кетті. Наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қызметіне мониторинг жүргізіп, құрылысқа жер учаскелерін беруде заңсыздықтардың орын алғандығын анықтаған болатын. Дәлірегі, «Түркістан» ӘКК инвестициялық және инновациялық жобалар болып табылмайтын және үкімет бекіткен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келмейтін тұрғын үйлер мен кешендер салу үшін жер учаскелерін заңсыз беріп отырған. Агенттік «Түркістан» ӘКК атына жер учаскелерін заңсыз беру практикасын тоқтату туралы хабарлама шығарып, оның орындалуына 30 күн берген. Алайда бұл мерзімде корпорация агенттіктің айтқан талаптарын орындамаған. Осыдан кейін Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Түркістан» ӘКК» АҚ-на қатысты тергеп-тексеруді бастаған. Бұл туралы агентік өзінің ресми сайтында хабарлады.

Осы жерде айта кетері, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының құрылтайшысы Түркістан облыстық әкімдігі. Корпорация соңғы жылдары Түркістандағы «Керуен сарай» аумағында аз қабатты қазіргі заманғы пәтерлер мен бизнес-класс таунхаустарын, сонымен бірге қалада бірнеше тұрғын үй кешендерін салу жобаларымен айналысқан.

Жалпы алғанда, Түркістан қаласында 2-3 жылдың көлемінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілді. Шаһардағы ірі нысандардың басым бөлігін жоғарыда әңгіме еткен BI Group холдингіне қарасты компаниялар салды. Әр нысанға бөлінген қаржы бірнеше миллиард теңгені құрайды. Сондықтан тексеру жұмыстарының бір ұшы BI Group-қа барып тірелуі әбден мүмкін. Мұның соңы біраз шенеуніктердің карьерасына кері әсер ететінін де жоққа шығара алмайсыз.  

Дегенмен әліптің артын бағып көрелік...

Тегтер: құжат полиция тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01