Білекке емес, білімге сенейік

26.05.2020, 06:34

1244

«Пайда ойлама, ар ойла, талапқыл артық білуге» деген Абай бабамыз «Адалдық адамдықтың белгісі» екенін жетержеріне жеткізе айтқан. Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым — түсінігі туралыұлы ақын: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесісол», – дейді тағы бір сөзінде. Шынында да адалдық адамның шынайы бет-бейнесінанықтап беретін қасиет. Адалдық  –ақжарма ниет, ішкі жан-дүниенің кіршіксіз тазалығы, уәде мен аманатқа беріктік,ар алдында таза болуға ұмтылу. Мұны ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деп бір ауыз сөзбентүйіндеген.

Қазақ халқының келешек ұрпағынадалдыққа тәрбиелеу – өте маңызды. Бұл біздің қанымызда бар қасиет. Атадан-балаға,қаншама ғасыр өтсе де  бүгінгі күнгешейін жеткен саф алтындай өнегені жалғастыру бәріміз үшін абырой. Мұның өзіқоғамда орын алып отырған, тіпті қайталана беретін кейбір келеңсіздіктергетосқауыл қоюға дәнекер болары даусыз. Осы бағыттағы алғашқы қадам, ізгі ниет отбасынанбасталады. Халқымыз  «Балапан ұяда некөрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған.

Елін сүйер сеніңіз,

Өз отбасын сүйе алған, – дегенқазақтың ұрпағымыз. Сондықтан шаңырақтың шуақты, отбасының қуатты болуынабәріміз күш салуымыз керек. Балалардың үлкендер не айтса, соны айтатыны, неістесе, соны істегісі келетіні белгілі. Үйден көргені, жақындарынан естігені –балаға алғашқы дәріс. Сол себепті адалдық әліппесін ата-ана балаға үйіненбастап санасына сіңіргені дұрыс.

Ақын Д. Әлімжанов «Адалдық»деген өлеңінде былай дейді:

Адалдық өміріңе керек нәрсе,

Ол да гүлдеп нұрланар көңілбөлсе.

Халыққа өз пайдасын тигізеалмай,

Адам боп, өзін – өзімеңгермесе.

Адалдық – адам бойындағы асылқасиет. Адам бағасының бір өлшемі. Қазақ халқы ежелден адалдықты пір тұтқан.«Аманатқа қиянат жасамау» деген де осыдан шыққан. Балаларды өзгенің ала жібінаттамайтын, бөтеннің мүлкіне тиіспейтін нағыз адал азамат етіп тәрбиелеуге күшсалғанымыз жөн.  Мұны білім ордасыныңбосағасында жас ұрпақтың бойына барынша терең сіңіру, санасына жақсықасиетті  ұялату – ұстаздардың бастыпарызы.

Біздің колледждеоқытушыларымыз  онлайын сабақ барысындада тарихқа тереңдеп, жас буынға ой салар дәрістер өткізіп келеді. Мәдениетіміздіңмәйегін балаларға үйрету күн тәртібіндегі жұмысқа айналған. Мәселен, тарихпәнінің мұғалімі Айгүл Сәрсенәліқызының «Адалдық адамның ең асыл қасиеті» аттыдәрісі оқушы түгілі, ұстаздардың да көңілінен шықты. Құдайберген Шәкәрімұлының«Бәріне қағанат қыл да адал еңбек қыл» деген аталы сөзін алға қоя отырыпұйымдастырылған сабақ барысында адалдық, ар-ождан деген асыл қасиеттерхалқымызда қай кезде де жоғары орынға қойылғаны кеңінен насихатталды. Ұлттықтәрбиемізде 4 негізгі құндылық баса көрсетіледі. Ол – адалдық, парасаттылық,әділдік және сенім. Мұның бәрі Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескіжолы» және әз-Тәукенің «Жеті жарғысында» жан жақты айтылады. Төле би бабамыз«Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол», – десе, Қазыбек би:

Адал болса –досың жақын,

Еркелейтін немереңжақын.

Өз ұрпағыңшөберең жақын,

Туып-өскенелің жақын, – деген.

Ал Әйтекеби  «Қара қылды қақ жарған  – жақсылардың белгісі», – дейді.

Адалдықтың шын мәнінде ізгілігімол.Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығытәрізді қасиеттердің жиынтығы ұрпаққа ұлы жол көрсетіп келеді. Біздің бүгінгібуынға бабаларымыздан қалған байлықты, қасиетті, рухани дүниелерді жас ұрпақтыңжүрегіне құя бергеннен ұтылмасымыз анық.  


Бауыржан АНТОНОВ,

Алматы техника-экономикалық қатынас

жолдары колледжі директорының міндетін атқарушы






Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31