Билік халыққа жау ма?!

Қарны аш, қалтасы бос, өзі жаяу қазаққа айналып барамыз

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

30.09.2022, 08:50

1441

Халықтың жалақысынан, айналасындағы бағасы асып тұр. Азық-түлік те, пәтерақы да, коммуналдық төлемнің бағасы да бәрі бәрі аспандап кетті. Жалпы, қымбатшылықтың қазақтың жағасынан алғанына талай ай болды. Әйтсе де тарыққан қазақтың үніне құлақ асқан ешкім болмады. Бірнеше күннен бері үкіметке қазағының тауқыметінен ресейліктердің мәселесі жақын екенін де бағамдап үлгердік. Келмей жатып, жұмыспен қамтып, жағдайын жасауға ұмтылуда. Оны тілге тиек етпес те едік. Алайда қымбатшылықты ауыздықтауға еш әрекет етпеген биліктің қайта одан сайын бағаны құтыртуы байқалады.

Жақында Алматы әкімі Ерболат Досаев «жаңа тарифтік саясат» енгізілетінін айтқан болатын-ды. Осыған орай, Алматы қалалық мобилділік басқармасы өкілдері «Тариф 2012 жылдан бері өзгерген жоқ. Осы уақыттан бері ЖЖМ құны, жүргізушілердің жалақысы, автобустар мен қосалқы бөлшектер құны бірнеше есе өсті. Тарифті өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, ол алдын ала және халықпен қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін ғана хабарланады», – дей келіп, «әрбір әлеуметтік маңызы бар маршрут үшін жеке анықталатын есептік тариф ұғымы бар. Есептік тариф 2017 жылы енгізілген субсидиялау шамасын айқындау кезінде қолданылады. Осылайша, тасымалдаушыларға есеп айырысу мен базалық тариф арасындағы айырма төленеді, яғни олардың шығыны іс жүзінде өтеледі. Есептік тариф – жол жүрудің нақты құнын көрсететін тариф, ол тасымалдаушының маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шығындарын (жөндеу, техникалық қызмет көрсету, жүргізушінің жалақысы, амортизациялық шығыстар және т.б.) сондай-ақ жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістерді ескере отырып, қалыптасады. Орташа тариф – 250 теңге», — деген түсініктеме берді. Халықтың құлағын үйрете берейік дегендей, Досаев «жаңа тарифтік саясат» енгізілетінін айтса, Алматы қалалық мобилділік басқармасы «жол жүру ақысының құны негізі, 250 теңге болуы керек», дегенді құлаққағыс етті. Демек, алдағы уақытта Алматы автобустарында жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. Емеуріннен соны ұқтық.

Бүгінде Алматы қаласындағы тариф 80 теңге. «Оңай» картасы болмаған жағдайда жолаушылар 150 теңге төлеп жүр. Қымбатшылық ауыздықтала ма десек, «ананың бағасы өсті, бұл да өсуі керек», деген сыңайдағы әңгіме көбейіп барады. Бұл түрімізбен халыққа қоғамдық көлікке міну де жаңа бір «роскошқа» айналатын түрі бар.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:27
Валюта алып өту тәртібі туралы
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:06
Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 17:17
Рудный тұрғындары жылусыз қалды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 16:12
Ертеңнен бастап жазғы доңғалақпен жүргендер жазаланады
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 15:07
Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын жеп отыр
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 10:54
Екібастұздағы көппәтерлі үйге бүгін жылу беріледі – жедел штаб

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43