Білім саласындағы жемқорлық дауы: Президентке АШЫҚ ХАТ

03.12.2019, 09:53

29

Редакциямызға Алматыдағы №30 мектептің мұғалімі Гүлнар ӘБІЛМАНСҰР президентҚасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атына жазылған АШЫҚ ХАТЫН жариялауды өтініп хабарласты.Ұстаздың айтуынша, оны мектеп директоры ақша жинамағаны үшінзаңсыз жұмыстан шығарып, жала жауып, үстінен қылмыстық іс қозғатқан.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ АШЫҚ ХАТ

ҚұрметтіҚасым-ЖомартКемелұлы!

Сізге бұлхатты Алматы қаласының №30 гимназиясының бұрынғы бастауыш сынып мұғаліміӘБІЛМАНСҰР Гүлнар жазып отыр. Мен мұғалімдіктен өзімнің еркіммен кеткен жоқпын.Осы гимназияда Ережепова Ғалия Батиханқызының басшылығында 6 жыл бойы жұмыс істеп, жұмыс орнымдағы сыбайлас жемқорлыққа, таныстық пентуыстыққа қарсы тұрдым. Осы жылдарішінде мен сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністеріне куәгер болдым:Жалақыны ұстап қалу;КРУ комиссиясына мұғалімдерден ақша жинау. Әр мұғалімнен 20мыңнан 100 мың теңгеге дейін;кейбір сабақтар менфакультативтер өткізілмейді, бірақ журналға жазылады;«өлі жандар» — мұғалімдер мен жұмысшылар мектепке жалған қабылдануы;Оқушылар мен ата-аналардан сыныптан тыс жұмыстар аясындақаражат жиналды; Әр мұғалімбіліктілігін арттыру үшін мектеп директорына 20000 (жиырма мың) теңге көлеміндеқаражат берді. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімі К. Жасимбекова (ГОРИПК-да бірнешеай жұмыс істеген). Ол сол жердегі «керекті адамды» білгеннен кейін ақша менқұжаттарды апарып жүрді. Бұл мұғалімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті №30мектепте жұмыс істемей тұрып пара алғаны үшін ұстаған болатын; әр күнтізбелікмерекеге мұғалімдер директор үшін «сыйлық» ретінде 2000-нан 10000 теңгеге дейінжинады; жазғы демалыстанкейін мұғалімдер мектепті жууға жұмылдырылды; кәсіподақ жиналыстары ешқашан өткізілген жоқ, есептер де,салықтық тексерулер де болған жоқ.Жеке өзім кәсіподаққа кіруге өтініш бергенжоқпын, бірақ кәсіподақтықжарналар менің хабарымсыз жалақымнан ұсталды. Жалпы,мұғалімдер кәсіподаққа мүшеліктен ешқандай пайда көрмейді!

Директор мен директордың тәрбие жөніндегіорынбасары(Құрманбаева Айгүл Серікқалиқызы) тарапынан мұғалімдерді қорқыту, балағаттау және қорлау үйреншіктіжағдайға айналды; жұмысқа қабылдау туыстық, таныстық қағидасыбойыншажүргізілді; басшылық жасмамандарды жұмысқа алуды қаламады. Өйткені, зейнеткер-мұғалімдер қызметіндеқалу үшін сыбайлас жемқорлықты үнсіз бақылауға мәжбүр. Сол себептензейнеткерлерді жұмыста барынша ұзақ қалдыру немесе алу тиімдірек. Менің осымектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресім өзіме қарсы қудалау менрепрессияға алып келді. 2017 жылдың сәуірінде мен Қазақстан Республикасының Білімжәне ғылым министрлігіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне өтінішбердім. Осыдан кейін мектеп директоры маған қарсы компромат жинай бастады.

Мен барлық билік органдарына жүгіндім. Олар меніңөтініштерімді Алматы қаласының Білім басқармасына және аудандық білім бөлімінеқайта бағыттады.

Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова А.А. №30мектеп басшылығының заңсыз әрекеттері туралы арызым бойынша бірінші жиналыстыменің қатысуымсыз өткізді. Жиналыста «бәрі жақсы» деп мұғалімдердіңқолтаңбаларын жинады.

Осы жиналыстан кейін, мағанқарсы 6-сынып оқушысынұрып-соқты деп, жалған қылмыстық іс қозғалды. Іс қылмыстық құрамның болмауынабайланысты жабылды.

Осылайша, мен бұл қорлықтан да өттім. Мені ел азаматы,мұғалім, салық төлеуші, «Нұр Отан» партиясының мүшесі екенімді ескеріп, бірде-бірбастық, бірде-бір кәсіподақ, қорғаған жоқ. Мен өз-өзімді қорғадым.

Мені директор Ережепова Г.Б. 2018 жылдың қыркүйегіндестатья бойынша жұмыстан шығарды. Менің жұмыстан шығарылуымның заңсыздығы туралысоттар да болды. Бірақ ешкім мұғалімнің проблемасын терең түсінгісі де келмеді.

Сот отырысы 10-ақ минутта өтті, 2 минуттан кейін мағанқарсы шешім шықты.12 минут ішінде олар адамның тағдырын шешті. Менің жұмыстанқуылуым күллі мұғалім қоғамына көрсетілген қорлық деп есептеймін!

ЕГЕРКОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫ БОЛСАҢ, МЕКТЕПТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ЛАЙЫҚТЫ ЕМЕССІҢ ДЕГЕН СӨЗ!ЕЛДЕН АЛА БӨТЕНСІҢ!

Және бұл жердегі ең басты сұрақ: Медеу аудандық білім бөлімініңбасшысы мен Алматы қаласының білім басқармасының басшысы бұл мәселеде шеттеқалуы мүмкін бе? Олар өздерінің жауапкершілік аймағында не болып жатқанынбілмеді ме? Әрине білді. Бірақ, шуды қаламады және орындарынан айырылғысыкелмеді. Ал мұғалім деген кім? Жәй ғана шен-шекпенділердің қолжаулығы!

Республикалық маңызы бар қалалардан бастап ең шалғайдағыауылдарға дейінгі әрбір мектеп жемқорлыққа белшесінен батқан! Қорқыту, сыбайласжемқорлық және руластық – орта білім саласының ажырамас бөлігіне айналды!

Осының бәріне не себеп?

Қалыптасқан өкінішті жағдайды өмір нормасы ретіндеқабылдаған адамдардың үнсіздігінен адал адамдардың дауысы естілмей жатыр. Оныңүстіне, бұған қарсы күрескендер қудаланады және репрессияланады.

ҚұрметтіҚасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізденқарапайым ұстаздың даусын естуіңізді сұраймын. Менің бар кінәм – мектептегісыбайлас жемқорлыққа қарсы шыққаным.

Біз,мұғалімдер, бар уақытымыз бен күш-жігерімізді ел игілігі үшін жұмсаймыз. Мектеп– қоғамның тірегі, жас ұрпақтың дұрыс құндылықтарды сіңіретін екінші үйі. Ұядане көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Мұғалімнің абыройы директор, мектеп әкімшілігі, білімбасқармасы және аудандық білім бөлімінің таптауында қалды. Мұғалімнің еңсесінкөтеріп, оларға қарсы сөз айтуға мүмкіншілігі болмады.

Мұғалімдердің сауатсыз және дәрменсіз директорлар менолардың қолшоқпарларынан қаншалықты шаршағандығын білсеңіз ғой. Менің көргентауқыметім көп мұғалімнің басынан да өткен. Шыны керек, бұл қарапайыммұғалімнің күнделікті өмірі.

Егерәріптестерім білім беру жүйесіндегі қалыптасқан жағдайдың құрбандары болмаса,менің сөздерімді қолдайтын еді.

Осыған байланысты «ЖасАлаш»тілшісі мәселенің мән-жайын анықтау үшін Алматы қаласының білімбасқармасы мен №30 мектеп директоры Ғалия ЕРЕЖЕПОВАҒА хабарласты. Білімбасқармасының өкілі барлық сұрақтарды хат түрінде электронды поштаға жіберуқажеттігін айтты. Ал ҒалияЕрежепова тұтқасын көтермеді.


Фото: Zona.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42