11.10.2021, 10:53
446
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 11 қазанда ауа райы нашарлайды, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Көліктеріңізге қысқы дөңгелек салып, баратын жерлеріңізді алдын ала жоспарлауды, жол жүру барысында ара қашықтықты сақтап, абай болуларыңызды сұраймыз", — делінген полиция хабарламасында.
«Елордада бір тәулік ішінде 68 жол апаты тіркелді, зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше қамқорлық қажет», — деп толықтырды департамент.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР