19.04.2021, 09:43
1338
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 23 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде 22 адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 620 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы науқастар арасында 674 адамның жағдайы ауыр, 176 адам өте ауыр жағдайда жатыр. 99 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР