Бір қойды 83 рет көтерді

12.08.2019, 08:01

240

Атырау облысында Құрбан айт мерекесі тойланып, аз қамтылған, әлеуметтікжағдайы төмен отбасыларға көптеп көмек көрсетілуде. Атап айтсақ, қасиетті Құрбан айттыңалғашқы күні ғана орталық «Иманғали» мешітінде үш жүз отбасыға құрбан малыныңеті таратылды. Оны «Иманғали»мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат МҰСТАФАЕВ бастаған ұстаздар тобы келушілергеөз қолымен тапсырды. Бұдан бөлек, «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде бес жүзден астамжамағатқа мерекелік дастархан жайылып, екі жүздей отбасынақұрбан малдың еті таратылды.


«Бұл күні біз балалардыда қуантқанды жөн көрдік. Сол себепті, бүлдіршіндер үшін мешіт атынан арнайысыйлықтар дайындалды», — дейді «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің бас имамы ЕржанҚАҒАЗҒАЛИЕВ.

Сондай-ақ, мереке құрметіне Атыраудың бас мешітінде ұлттық спорт түрлері бойынша жарысөтті.Қой көтеру сайысында қой малын бір демде 83 рет көтерген МаратОРАЗҒАНИЕВ, кір тасын (гири) көтеруден сексен бес деген көрсеткішке тоқтаған БақтыбекБЕКТИМИНОВКЕ, қазақша күрестен жауырыны жерге тимеген Ибрагим ГУСЕЙНОВТЕРжеңімпаз атанды. Басты орынды иеленген жеңімпаздардың барлығына қой малы,келесі орындардың иелеріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды. 

Қазіргі күні Меккеде қажылық сапарда жүрген Қазақстан мұсылмандары дінибасқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Басимамы Батыржан МАНСҰРОВ көпшілікке ұлық мереке — Құрбан айттың басталуынабайланысты бейнеқұттықтау жолдады.

  

Фотолар автордікі.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:53
Сағынтаев Маминнен Шымбұлақты сұрап жүр
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 09:15
Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55