Бір жылатып, бір күлдірген заман-ай!

09.04.2020, 06:48

45

Күні кеше «Селфи» деген сөз шықты. Бірақ оныңжақсылығынан бұрын жаман жағы тезірек таралды. Селфиге құмартқандардың бірі – көпірден,тау-тастан, шатырдан, тағы басқа қауіпті жерден құлап мерт болса, енді бірізулап келе жатқан пойыздың алдында тұрып суретке түсемін деп те өлім құшты. «Бірқызымнан бір қызым сорақы» дегендей, енді жасты да, кәріні де селт еткізер  «фейк» деген шықты. Бұл бір жағынан «қазақықалжыңға»  да ұқсайды. 

Белгілі сатирашы Ермахан Шайхы журфактыңжатақханасында бір топ студенттермен отырыста  ауылына кеткен курстасын сырттай о дүниегеаттандырып, қыздарды бір шулатқаны бар екен. Бұл кезінде шағын ортада болғаноқиға. Құдай сақтағанда ешкімде қалта телефоны болмаған. Ал бүгінгі қалжың –фейк суретімен де сенімдірек әрі санаулы секундта әлемді шарлап кетеді.  Тіпті оның күнделікті өмірге сай айтылатыныда айды аспанға шығарып тұр.  Айталық 29қаңтарда Whatsapp мессенджерінде белгісіз біреулер Қапшағай ауруханасынакоронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам түскені жайлы ақпарат таратқан.Алайда тексеру барысында өтірік болып шықты. Жедел іздеу іс-шарасы барысындаекі күдікті азамат ұсталды. Олар жергілікті ауруханада жедел жәрдем жүргізушісіболып жұмыс істейді.

Коронавирус көпшілікті алаңдата бастаған тұстаАлматыда кейбір фейк ақпараттар суреттерімен де берілді. Жолаушылар көлігініңалдында құлап жатқан әйел естеріңізде ме? Бірақ ол жұрт айтқандай, коронавирусдертін жұқтырмаған, көлік қағып кеткен боп шықты. Тағы бірде жол жиегіндежатқан ер азаматты тәртіп сақшыларының қарап тұрғаны желілерде жарқ ете қалды.Анықтай келгенде  ол мастықтан  құлап қалған. Өкінішке қарай, осындайжағдайлардың анық-қанығын білмей жатып өтірік ақпарат тарату жақсы нәрсе емес.

Тіпті әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджеріндебанан құрамында коронавирус бар деген де ақпарат тараған. Онда көрші елденжеткізілген жемістердің қауіптілігі  айтылады.Бірақ мұны денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. «Коронавирустан қаза тапқандардыңденесін өртеп жатыр» деген де фейк болды. Сұмдық! Жаңалықтар жаға ұстатады.

Әрине, әлемді алаңдатып отырған жат құбылыстарғатосқауыл қоя алмасымыз анық. Соның бірі де бірегейі осы –  фейк. Ол біздің өмірімізді жақсы жаққа емес,керісінше, жаман жаққа қарай өзгертуге тырысқаны  өкінішті. Бүкіл ақпарат құралдары жалғаннәрсені жан-жақты анықтап, саралап алғанша әлгі оқиға дүниені төңкере жаздайды.Осылайша  фейк күштілігімен көзге түсіптұр. Ол тіпті құзырлы орындарды пікір білдіруге мәжбүрлеуде. 

Сәнге айналған сөздің біздің топырағымызға қашан,қалай келгені де белгісіз. Мәселе онда емес, мәселе жасанды сөздің жанауыртатындығында.  Ойдан құрастырылатыноқиғалардың ойранынан соң адамдар ақылынан адасуда.   Бәріненқызығы, шынайы ақпаратқа қарағанда әлгі фейк алты есе шапшаң тарайды әріаудиториясы да ауқымды екен. Осылайша жалған ақпарттар  жалғанды жалпағынан басуда. Айналаныңбарлығына күдікпен қарайтын адамдар шындыққа сүйенгеннен гөрі өтірікке тез мән береді.Айталық,  коронавирус деген пайда болғалыбері оны жоққа шығарушылар да  өретүрегелді. Мұның өзі адамдардың денсаулығына салғырт қарап, тіпті көшеде маскасыз жүруіне де себепшіболуда. Бірақ жұқпалы дерттің  шынмәнінде әлемді шарлап жүргені ащы шындық. Бұл туралы осыдан 15 жыл бұрын Ресейбасылымдары жазған. 2018 жылы Корея сериал түсірген. Сондықтан сандыраққасенбей, сақтанғаныңыз дұрыс. Осындайда фейктердің ерекше болатындығы жұрттыамалсыз нандырады.  Өркениеттің өкпесінетүскен құрт секілді жағымсыз жағдай енді жүрекке зақым келтірмесе болды делік.Өйткені  ел мен елді, адам мен адамдышағыстырудың, тыныш жатқан кісінің құлағына сыбырлаудың салқыны үдегені соншалықты, қазір фейкке мемлекет басшыларыда  кейіпкер бола бастады.

Стэнфорд университетінің ғалымы Мэтью Гентцкоумедиа аудитория мен  фейк аудиториясыныңықпалын салыстыра зерттеу барысында  екіншімәселенің өзектілігіне мән берген.Тіпті ескі ақпаратты басқаша жеткізу де кейдежұртты шошындырады.  Әлемді үркітіпотырған оқиғалардың қатарын фейктердің толықтыруы қазақ қоғамына да қауіпті.Ендеше, ел кезген өсектен гөрі құзырлы орындардың ақпаратына сенген дұрыс.


Жолдасбек Дуанбай




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22:30
Ләззат Құсайынова – ғалымдардың жалақысын заңдастыру қажет
Сайт әкімшілігі 13:25
Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
Бифат ЕЛТАЕВА 12:14
Балам ақылды болсын десе, әр ана бесік жырын айтуы керек-дефектологтың кеңесі
Сайт әкімшілігі 11:11
Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
Сайт әкімшілігі 09:13
Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 01.12.2020, 18:22
Ерте некенің ертеңі күмәнді

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04