20.09.2020, 18:17
179
Біркүндік фирмалар арқылы алынған қаражат көбінесе бюджеттен шығады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Елиманов осындай мәлімдеме жасады:
— Бұл капиталды шетелге заңсыз алып шығу схемаларының бірі болып табылады. Сараптама жасау арқылы қылмыстық жолмен ақшаны заңдастыруға қатысқан 60-тан астам әлеуетті қылмыстық топтар анықталды», — деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оның айтуынша, осы мақсатта қылмыстық топтар қаржылық айналымы 2 трлн теңгеден асқан 1,2 мыңнан астам бақылаудағы компания құрған.
Барлық жағдайлар бойынша қылмыстық іс қозғалды, 98 адам күдікті деп танылды, олардың 28-і қамауға алынса, тағы 29-ы үй қамауына алынды. Нәтижесінде, жалған шот-фактуралардың көшірмесімен байланысты фактілердің саны екі есеге артты.
Сондай-ақ, бүгінде Экономикалық тергеу қызметі 1394 қылмыстық іс қозғап, оның жартысынан көбі ауыр және ерекше ауыр істер екендігі анықталып отыр.
Өтелген шығын мөлшері 20%-ке өсіп, 33 млрд теңгені құрап отыр. Барған сайын біз экономикалық қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен бетпе-бет келеміз. Тек оы жылдың алғашқы сегіз айында ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғалды. Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР