Біртанов бәріне «беріп» қойған ба...

Әділ КЕМЕҢГЕР

11.11.2020, 13:18

1524

 Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұсталмай тұр екен. Ұсталып еді, биліктің төңірегін жағалаған блогерлер, кәдімгі ірі басылымдар, басқа да ірілі-ұсақты шенділер һәм қайраткерлер Біртановты жан-жақтан ақтап-жақтап шыға келді.

     «Ол дегенің сүттен ақ, судан таза» деседі. Тіпті арнайы петиция ашып, боты бар, басқасы бар – жабылып оған қол қойып жатыр екен. Бір Біртанов үшін бұларға соншама шыр ете қалатындай не көрінген, тап бір құйрықтарына шоқ түскендей? Әлде шынымен де шоқ түсті ме екен?

     Белгілі ғой, Қазақстандағы кез келген министрлік – түрлі жобаларға  бюджеттің қомақты ақшасы үлестірілетін үлкен майшелпек. Сол майшелпектің дәмін бұл жолы тым көп қойған ба?  Күні кеше «соттарға қысым жасалмауы керек» деген Тоқаевтың сөзін топтар татып  пысқырмай, «Біртановтан қолыңды тарт!» деп, тықсырып жатқандарына не жорық?

     Ал қарапайым қазақ үшін Біртанов – сайлау арқылы емес, жоғарыдан тағайындау арқылы қызметке келетін Қазақстандағы көп министрдің бірі. Сайланбаған министрлер, сайланбаған депутат сияқты халық алдында сүйкімді болған емес. Халық үшін шенеунік Біртанов немесе пәленшиев-түгеншиев деп бөлінбейді. Бәрі бір жүйенің өкілі. Шенеунік жымқырса, жымқырған болар бюджет ақшасын, ондайға таңғалудан баяғыда қалғанбыз. Кедей шенеунікті көргеніміз жоқ.

     Бір қызығы, Біртановты қамауға алған – Шпекбаевтың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі емес, қаржы министрлігінің экономикалық тергеу қызметі. Шпекбаевтың мекемесі бұл іске араласпай отыр. Соған қарағанда не болса да, биліктегі екі топтың арасында кезекті қырқыс жүріп жатыр-ау.

      Тергеу барысында Біртанов кімге «бергенін» айтып қойса, «алғаны» ашылып, «күйіп кетейін» деп тұрған күштер отыр-ау, содан тасадан тас атқылап жатқан... 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02