22.04.2020, 10:48
113
Бұдан бұрын «Жас Алаш» Денсаулық сақтау вице министрі болған Камалжан Надыровтың короновирус жұқтырғанын жазған болатын. Енді осыған байланысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов COVID-19-ғатест тапсырады
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
«Елжан Біртанов бүгін коронавирусқасараптама тапсырады. Нәтижесі белгілі болғанда міндетті түрде айтамыз», — дедіДиас Ахметшәріп.
Оның айтуынша, 30 наурыздан бастапминистрліктің орталық аппаратының 90 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.
«Үшінші апта үйден жұмысістеп жатырмыз. Жиын мен басқа да жұмыстар видеобайланыс арқылыжүргізіліп жатыр. Жұмысқа тек министрдің өзі барып жүр, ол кабинетіндеоқшауланған. Сондай-ақ, тағы бірнеше адам бар. Сол ғимаратта болғандардыңбарлығы тест тапсырады», — деді Ахметшәріп.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР