БІРТАНОВ: Менингит сырттан келген жоқ

06.06.2018, 18:42

231

Үкімет жетекшісі Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ тапсырмасымен  Алматыға арнайы іссапармен келген  денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ елде менингит эпидемиясы жоқ деп мәлімдеді.  Премьер-министрден кеше өзі сын естіген Е.Біртанов бүгін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының әрекетін «жеткіліксіз» деп бағалады. Кешелі бері Алматы мен Алматы облысындағы бірқатар аурухананы аралап, жағдайды өз көзімен көрген Е.БІРТАНОВ бүгін алматылық журналистерге баспасөз мәслихатын беріп, қазіргі кезде елде менингококк инфекциясына 59 адам шалдығып, 13 адамның көз жұмғанын айтты. Алайда соған қарамастан, министрдің айтуынша, елде менингит эпидемиясы жоқ. — Менингит сырттан келген жоқ. Менингиттің А және B серотиптері жыл сайын қайталанып тұрады. Менингиттің бұл серотиптері бүкіл әлемде, Еуропа, Америка, Африкада да бар. Бұл кәдімгі тұмау тәрізді вирус. Бірақ генетикалық сараптамадан оқыс жағдайлар анықталып жатса, оны міндетті түрде хабарлаймыз. Денсаулық сақтау министрі елде карантин жарияланбайды деген сөзін тағы бір шегеледі. Айтуынша, елде карантин жариялануы үшін бір аптада кем дегенде 1800 адам бұл ауруға шалдығуы тиіс. — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 100 мың адамға шаққанда 3 ауру анықталған жағдайда жаппай профилактика шаралары қолға алынады. Ал 100 мың адамның ішінен 10 адам шалдықса, жаппай егу жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан жағдайында бұл үшін аптасына 1800 адам менингитке шалдығуы керек деген сөз. Мұндай межеден әлі алыспыз. Премьер-министр Б.Сағынтаев кеше облыстық аурухана мен қалалық аурухана бөлініп, ауыр науқастарды тұрғылықты жері бойынша ғана қабылданып жатқанын айтып, министр жұмысын сынға алған еді. Мұны сөз еткен министр Біртанов бұл кемшілік жойылғанын, енді ауыр науқастарды жақын жердегі аурухана шұғыл түрде қабылдайтынын жеткізді. Алайда министр ауруларды тек тұрғылықты тіркеуі бойынша қабылдап келгені үшін жауапкершілікті облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына ысырғындай көрінді. — Тұрғылықты жері бойынша жедел медициналық көмек көрсетіледі деген шектеулер болыпты. Шын мәнінде, көмек көрсетпеуге негіз болатындай заңды нормалар жоқ, бұл заңбұзушылық. Тіпті өзге елдің азаматы болса да, жақын жердегі ауруханада көмек көрсетілуі керек. Осы жұмаға дейін облыстық және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқарламалары министрліктің талабы бойынша ауыр науқастарды қабылдау тәртібі жөнінде бірескен бұйрық қабылдап, жағдай түзеледі. Негізінде министрліктің бұл жөніндегі бұйрығы былтырғы жылы қабылданған. Бірақ жергілікті жердегі денсаулық сақтау басқарламалары ішкі бұйрықтары, өз тәртіптері бар. Енді бірлескен бұйрық қабылданды. Бәлкім, бұл бұйрықты ертерек қабылдау керек болған шығар.Егер министрліктің бұйрығы былтырғы жылы қабылданса, қалалық және облыстық денсаулық сақтау басқарламалары бұған неге бағынбаған? Бұл сұраққа Біртанов былай деді: — Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ішкі бұйрығы ескірген, неге оған өзгеріс енгізілмегенін қарастырып, тексереміз, жауапкершілік мәселесін қарастырамыз. Ал жалпы, денсаулық сақтау басқармасының әрекетін жеткіліксіз деп бағалаймын.

Фото автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39