Біржақты қарамайық...

Б.Қалымбетов

15.10.2020, 10:30

1003

«Жас Алаш» газетінің 17 қыргүйек күнгі №75 санында журналист Н.Әлдибектің «Қордағы жердің ендігі қожасы» деген мақаласында айтылған жағдайларға байланысты жазылған қарсы пікірді сол күйінде газет бетінде жариялаудағы басты мақсат – газетіміздің сыңаржақ пікірлерді ғана қолдап қоймай, ашық алаң екендігін аңдату болып табылады.

Республикалық  «Жас Алаш»  газетінің бас редакторы  Қайрат Матрековке                                                          Жер телімін немесе жер телімінің жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасүгірұлынан

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 48-бабына (Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда алу) сәйкес, Мойынқұм ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің 2020 жылғы конкурстық ақпараттық хабарламасы 14 шілде күнгі «Мойынқұм таңы» газетінің №59 санында, жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланған болатын. Осы конкурсқа барлығы 97 жер телімі, жалпы көлемі 41852, 8231 гектар оның ішінде суармалысы 377, 2681 гектар, жайылымы 40943, 6197 гектар, шабындығы 530, 9353 гектар жер шығарылды. 03.09.2020 жылы сағат 18:30-да құжаттарды қабылдау тоқтатылды. Барлығы 131 жабық конвертте құжаттар өткізіліп, 64 жер теліміне, жалпы жер көлемі 28829, 0151 гектар, суармалы егістік 200, 9306 гектар, шабындығы 820,9353 гектар, жайылымы 27807, 1492 гектар жер телімдері берілді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, аудандық конкурстық комиссиясы жеңімпаздарды анықтады.

Атап айтатын болсақ, Хантау жер қоры жерінен 9,0 гектар суармалы егісітік жер учаскесі (27 лот) бойынша Асқар Нұрбол Еркебекұлы, Надиргожин Ержан Амандыкович құжаттар өткізіп,конкурстық комиссиясының шешімімен Асқар Нұрбол Еркебекұлы жеңімпаз деп танылған.

Құмөзек жер қорынан 2140,808 гектар жайылымдық жер учаскесі (83 лот) бойынша Асқар Нұрбол Еркебекұлы, Надиргожин Ержан Амандыкович, Бейімбетова Гүлнар Охасовна құжаттар өткізіп, шаруашылық техникаларының, мүшелер санының және мал басының басым болуына байланыстыконкурстық комиссиясының шешімімен Бейімбетова Гүлнар Охасовна жеңімпаз деп танылған. Аталған конкурс барлық талаптарға сай, таза, әділ өтті. Ал бұған шағымдануға, болмаса күдіктенуге ешқандай негіз жоқ.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығының 2-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы нормаларының қолданылу кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын қоспағанда барлық Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қатысуға құқы бар. Сондықтан да сіздердің басылымдағы «Қордағы жердің ендігі қожасы» деген мақала бір жақты Еркебек Ошақбаевтың пайдасына жазылған деп топшылаймыз.

Осы жерде Гүлнар Бейімбетованың тиісті жерді жеңіп алуына, оның жолдасы, бұрынғы қаржы полициясының басшысы болған Серік Оңлабековтің ешқандай қатысы жоқ екендігін айғақтай отырып, «Жас Алаш» газетінің 17 қыркүйектегі №75 санында журналист Н.Әлдибектің «Қордағы жердің ендігі қожасы» деген мақаласындағы айтылған жағдайларға байланысты қарсы пікір білдіремін.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:21
Өткен тәулікте 164 адамнан коронавирус табылды
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 10:16
Пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 24.10.2020, 09:11
ДДҰ басшысы "аса қиын" кезеңіне дайындалуға шақырды
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 13:27
Қазақстанның бас санитарының жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 11:11
Мысырдан келген астаналықтар ПТР-тест тапсырмай қашып кеткен
Сайт әкімшілігі 23.10.2020, 10:13
Биылғы қыс қазақстандықтарға жайлы бола ма? Қазгидромед жауап берді.

Аңдатпа


  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16