Біз өзі өткеннен қорытынды шығаруды білеміз бе?

Нұрай РАХЫМ

10.11.2021, 14:16

858

Жақында 11-қабаттан секіріп мерт болған Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысының өлімі әлеуметтік желілерді біраз шулатты. Ең өкініштісі, Қазақстанда өзіне-өзі қол жұмсау – суицид жасау әрекетінің азаймай отырғаны осыдан 4-5 жыл бұрын да айтылып, мәселеге айналғанымен, қазір де жағдай оңала қойған жоқ. Баяғы жартас – сол жартас күйінде қалып отыр. Сонда біз өткеннен қорытынды шығара алмайтын елміз бе?

         Республикада кең таралған ислам дінінде мұндай әрекет үлкен күнә саналатыны белгілі. Алайда Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша рейтингте бұрынғысынша көш басында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша еліміз әлемде 3-ші орын және Орталық Азия елдері арасында жетекші орын алады. 2021 жылдың 3 айының ішінде ғана 834 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсапты. Жасөспірімдерге келетін болсақ, жыл басынан бері 105 адам өз өмірін қиыпты. Тағы 200-ге жуығы соған әрекет жасаған.

         Мысалы, БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) 2014 жылғы есебі бойынша біздің ел жасөспірімдер мен жастар арасында табиғи емес себептерден болатын өлім саны көп елдердің тобына кіреді.

         Бұл тұрғыда белсенді журналист Гүлбану Әбенова мектептегі психолог мамандардың біліктілігі күмән туғызатынын айтады. «Қазір барлығы мектеп психологтарының мәселелері туралы жазып жатыр ғой. Мен бұл тақырыпты бірнеше жыл бұрын көтергенмін. Өйткені мәселені іштей білдім. Мен ол мамандарға бірнеше рет жүгіндім. Сондықтан қазір мектеп психологының психологиялық портретін келтіре аламын. Бірақ олармен болған әңгімеге қатысты әр жағдайды қазір сипаттамаймын. Өйткені бұл жеке нәрсе әрі кәмелетке толмаған балалар жайында. Алайда кезінде сол мамандардың бірі баланың өзіне-өзі қол жұмсауына әкеле жаздаған. Баланы аман алып қалдым. Ал бір жылдары мен әлеуметтік желіде білім және ғылым министрлігі мектеп психологтарының бір форумына 140 млн теңге жұмсайтынын, Ресей қалаларынан шақырылған спикерлерге үлкен сома шығындайтыны туралы жазбалар жаздым. Себебі өз басым кезінде патша болған бұл елдің адамдарының түркістандық балалардың басында не бар екендігі, олардың ой-санасы туралы ешқандай түсінігі жоқ деп есептеймін. Ал сол үшін ақырында қандай жауап алдым? Сотқа арыз түсірген. Әлбетте, мені тапсырыспен пост жазып тұр деп айыптады», – дейді ол.

         Жасөспірімдерден бөлек, ерлер арасында суицид жасаушылар көп екен. Көпшілігінің жасы 35-тен 44 жасқа дейін, әйелдердің көпшілігі 45-тен 54 жасқа дейінгі аралықта.

         Суицидтің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, қазір Қазақстанда адамдардың саяси және экономикалық себептер бойынша өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған жағдайлары кеңінен белгілі. Жалпы, дағдарыс кезеңінде осындай қайғылы оқиғаның саны артады деп есептеледі. Осы кезекте де, адамдар алған несиенің пайызын төлей алмай, ақыр аяғында өз өмірін қиюға дейін барған.

         Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 100 мың тұрғынға шаққанда 20-дан астам адам өмірімен қош айтысса, бұл суицидтің сындарлы шегі болып саналатынын мәлімдейді. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 52-53 адамға дейін жетіп отыр екен.

     Ең күйзеліске ұшыраған өңірлер тізіміне Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтау, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Қарағанды қаласы кіреді.

         Мәселен, 2014 жылы елімізде суицид саны 2908-ге дейін азайғанымен, 2015 жылы қайтадан 3713 жағдайға дейін көбейген. Ал 2016 жылы ол 3913-ке жетті.

Сондықтан бұл – республика деңгейінде реттелуі тиіс мәселе. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алатын мемлекетімізде онсызда, бар-жоғы 19 миллион ғана халық. Адамдардың соншалықты тығырыққа тірелуіне алып келетін жағдайлардың себебі неге жіті зерттеліп, қайғылы оқиғалар ауыздықталмай отыр? Суицидтің алдын алатын кез жеткен жоқ па?!

         

Тегтер: оқиға қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:54
Қайта құрудан егемендікке дейін: Теміртауда «Өзгерістер уақыты» көрмесі ашылды
Сайт әкімшілігі 12:52
Жезқазғанда «Мен – Жас Қазақстандықпын» қала жастарының форумы ұйымдастырылды
Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30