Біз Ринатты сақтауымыз керек

12.06.2019, 21:03

10

Кешелібері жолда боп, сайлаудан кейінгі абыр-дабырдың қызуын анық сезіне алмадым.Енді ғана арxивтерді қайта ақтарып, толық ақпаратпен қанығып жатырмын. 
Оның үстіне парақшамда ауыры, жеңілі бар, алғыс, қарғысы аралас көптегенпікірлер толып қапты. Арасында ойымды білгісі келген өтініштер де бар екен...

Бірденбасын ашып айтайын, Ринатпен шәй дескен жеріміз жоқ. Жүздескен күннен берісәлеміміз түзу, бетіміз ашық. Балғынбек екеуінің орысша айтысын талай тілтүсінбейтін дүбәраларға тыңдатып, қазақ өнерінің үздіктері ретінде насиxаттағанда кезім көп. Қасиетті Мекке, Мадинаға да өзім бас боп ертіп апарып, зәм-зәмдыбұлағынан ішіп, киелі жерде иіліп намаз оқып, сиынып дұға қылуына да ағалықжолымды жасағам. Ұлы сапардан қайтарда, інілік ізетпен раxметін айтып,ризашылығын да білдірген. 
Өткенде, «Айтыстар» кітабымның тұсаукесеріне арнайы кеп, құттықтапкеткенде де қуанып қалғаным есімде. 
Әркімнің мінезі әртүрлі ғой, ұлтқа қызмет етудің формасында келіспейтінжерлеріміз жетерлік. Бірақ ол, жек көруге, жауласуға себеп емес. 
Біз Ринатты сақтауымыз керек. Кешелі-бері жаны ашып отырған жанды байқамадым.Бәрі пайдаланғысы келеді. Алдыға сап қойып, арқасынан қызықтап қарағысы келеді.Лап-лап етіп от боп тұрған ақынды, орманға қарай бағыттағысы келеді. Алаңғабарса арқасын қоздырып, «алдандым» десе жүйкесін тоздырып, көптіңемес, топтың мүддесіне пайдаланғысы келеді. Отты жырларымен 100 жылдықтың ақыныболатын адамды, эмоциясын қоздырып, 1 күндіктің бүлігіне итергісі келеді.Әйтпесе, Ринат не айтам десе айтыс саxынасы мен эфир мінбері ешуақытта есігінжапқан жоқ. Түсініксіз жер мен түсініксіз жандардың ортасынан ол тұғыр мың есеқолайлы екені бәрімізге белгілі. Қара ниетті адамдар неге мұнша көбейген.Жүрсін ағам көзімен көріпті, қызуы тасып, қисалаңдағандар да сонда жүр екен,бетін бүркеп, ниетін жасырғандар да, жан-жақтан кеп жатса керек. Екі ортағабіреу кеп от тастаса, кім кінәлі? Әрине, Ринатты көрсетеріне күмәнім жоқ.Сондықтан да, ақын бауырымыз «тарқаңдар да, тарқаңдар» деп зар иледі.«Ешкімнің қанын мойныма жүктегім келмейді» деді. 
Біз кеше, Мұстафа Өзтүрікке қорған бола алмағанбыз, Әбдісалан аға мен Бекзаттыңөлімі де бізге сабақ болмаған сияқты... 
Ринатты да аяйын деп тұрған ешкім жоқ. 
"...Әркімнің өз мақсаты керегінде" деп Абай айтқандай, әйтеуір,құзғын құлқын, құрбандық іздеген қоғам...
Ия, Зайтовтың өз ойы, өз пікірі бар. Алаңға бару да өз шешімі. Бірақ негеағалық ақыл айтпаймыз. Неге асықпай алысқа барғанын қаламаймыз. Құлды бәрекелдіөлтіреді. «Елім, жерім» деген жүрегі бар екен, неге оны сақтамасқа,неге оның Абайдай дана, Қазтуғандай қазына болғанын күтпеске. Кенесарыныңбауыры Наурызбайдың қызбалығынан қорқып, жанұшырғанындай жанашырлық қайда?!Қобыланды батырдың Тайбурылының 40 күндік кемдігі үшін жауға жібергісі келмегенҚұртқаның қамкөңілдігі қанымызда жоқ па?! 
Ия, Ринат батыл сөйлейді. «Сіздер үшін жаным құрбан» деп жатыр…Жастығы шығар, жалыны шығар...
Бірақ батырдың артында би тұрмаушы ма еді?! «Елге батыр құт емес, биқұт» дегенді талай бәлені бастан өткерген бабаларымыз айтпап па еді?!
Батыл-ақынның ақыл айтар абызы кім?! Топқа барар жері мен тоқтайтын жерінайтатын биі кім?! 
Абыз бен би болуға жарамасақ, ақынды алдыға салып, Алашты алаңдата бермейік.Алақтаған топ пен абақтының арасында құрбандыққа шалына беретіндей қазақтыңқайсар ақыны көп емес...
Алаң алақтаған топ пен жалақтаған жасақтың жолығатын жері емес, балалардыңбалмұздақ жеп, ата-әжелер немелерелерін емін-еркін қыдыртатын жер.
Алла артық қылам деп, тыртық қылғаннан, еселеймін деп, есеміз кеткенненсақтасын!

Дереккөз: facebook.com


МұхамеджанТАЗАБЕК

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27