Біз сасықпыз ба, не?

Әділ АҚЫЛБАЙ

15.10.2021, 08:25

3139

Өткен айдың соңында, 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда ауыр жол апаты болған еді. Түнгі сағат 00:34-те Сарайшық көшесі бағытындағы Есілдің үстіндегі көпірде екі көлік соғылып, бес адам көз жұмды. Бір адам ауыр жараланды. Көз жұмғандардың бірі 19 жастағы жас бала еді. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, әлгі 19 жастағы жүргізуші жылдамдықты асырып, көлік руліне ие бола алмай қалған. Содан қарсы жолаққа шығып кетіп, өз жөнімен келе жатқан Nexıa Ravon көлігімен бетпе-бет соғысқан. Әрине, әлеуметтік желілерде халық үнсіз қалмады. Өз ойын жазған.

       Күні кеше жол апатына кінәлі жүргізушінің әкесі «баламды қаралай бермеңдер» деген видеоүндеу жазып, ол YouTube-те таралып кетті. Қайғылы әке Еркеғали Кержикеев деген кісі екен. Ол өзінің баласын жол-көлік апатына кінәлі емес деп санайды және «балам мен отбасыма тіл тигізіп, кейбір «сасық» қазақстандықтар «саси» бермесін» деп дөрекі сөйлеп тастапты. «Вонючий адамдар вонять етпесін, маған әңгіме айтатындарың болса нөмірімді берейін, разборкаға кел, мықты болсаңдар», – деп өктемсиді ол. Қысқасы, интернеттегі халық наразылығы орынды-ау деген оймен ол мүлдем  келіспейді екен.

       «Менің ұлым алтын, «светлый» жігіт еді. Еркін күрестен спорт шеберіне кандидат болатын. Заң факультетінің үшінші курсында оқитын. Прокурор болуды армандайтын. Жастайынан көлікке мінсе де, ол мажор емес еді. Toyota Camry 70 мінді екен деп, оны мажор демеңдер. Ол тәрбиелі бала. Достары көп еді, оны жерлегенде өте көп кісі келген. Қазір тергеу жүріп жатыр, жол-көлік оқиғасына кімнің қаншалықты кінәлі екені әлі анықталады. Апатты жағдай туғызды деген күдікті екі айға қамауға алынды. Шынымен сол кінәлі болса, өз жазасын алады. Бірақ мен өз ұлымды кінәлі деп санамаймын. Ол темекі тартпайтын, ішпейтін, режиммен өмір сүретін», –  деген екен ол.

        Осылай деген әке қоғамның өзіне қарсы көзқарасын одан сайын күшейтті. Жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа кім шыққаны белгілі еді, енді кімді кінәлі етейін деп, екі айға қамап тастады екен?

      Әйтеуір, біздің қоғамда ешкім өзіне шаң жуытпайды. Қателігін ешкім мойындамайды. Әй, мынауың қате, адамшылық емес, әділ емес, сенікі жөн емес десең – «сасымашы» дейді екен саған. Қазіргі қоғамымыздың кілең осындай адамдардан құралып жатқаны өкінішті.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01