Бізде қанша Абай бар?

11.02.2020, 11:32

230

Өткенжылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, 2020 жылы қазақтыңбас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтетіндігі айтылған.Биыл жыл басында мемлекет басшысының «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» аттымақаласы да жарияланды. Аталмыш мақалада президент: «Биыл Абай Құнанбайұлыныңтуғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өтуүшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлеміндежәне халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақмұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдандамуымыз үшін өткізілмек», – деді. Осы мерейтойға орай, елімізде жәнешетелдерде түрлі шаралар өтіп жатыр.

Ұлы ақынның еліміздің кейбір қалаларында, шетелдерде тұғырынақонған ескерткіштері көңілден шыға ма? Қазақстан суретшілер одағының мүшесіШаттық Батанның айтуынша, Абайдың әр қалада қойылған ескерткіштері әртүрлі,бірізділікке түспеген. 

«Абай ескерткішіне қатысты пікірлер баяғыдан айтылыпкеледі. Совет Одағы кезінде танымал тұлғалардың нақтылы портретін Суретшілеродағы жасайтын. Кейінгілері де нақтыланған портреттен көп айнымайтын. Алматы қаласындағыАбай ескерткішін Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Хакімжан Наурызбаевсомдаған.  Мүсінші ақынның ескерткішін жасау барысында М.Әуезовтіңкеңесі бойынша Шыңғыстауға барып, ақынның жерлестері, туыс-туғандарымен жақын танысып,олардың мінез-құлқын, бет әлпеттерін зерттеп, көп дерек жинаған. Сол бойыншасомдалған портрет сәтті шықты. Әрине, басқа мүсіншілер Абай ескерткішініңкомпозициялық құрылысын, басқасын әртүрлі етіп жасай берсін. Бірақ портреттебірізділік болуы керек қой. Жоқ, біз олай істеп жатқан жоқпыз. Бір портреткебір портрет ұқсамайды. Суретте де сондай. Кезінде конкурс жариялап, көркемдіккеңестер арқылы шешілген Абайдың бейнесі бар. Тәуелсіздіктен кейін осы дәстүр бұзылды.Министрліктер конкурс өткізбейді. Өткізсе де, мүсіннен, суреттен хабары жоқадамдар өнердің тағдырын шешеді. Таныс-білістікпен  тендер ұтып, ойына келгенін жасайды. Кәсібиадамдармен санаспайды. Сөйтіп, Абайдың мазақ болатындай әртүрлі портреті пайдаболды. Бұл мәселе Абайға ғана қатысты емес, қазақтың өзге тұлғаларын сомдаған өнертуындыларынан да байқалады», – дейді суретші.

Естеріңізде болса, 2014 жылы Өскеменде орнатылған Абай мен Евгений Михаэлиске арналған ескерткіш әлеуметтің наразылығынқозғап, алынып тасталған болатын. 2009 жылы Қазақ хандығының негізін қалағанКерей мен Жәнібекке қойылған ескерткіш те жарамсыз деп танылып, бір жылдан соңбасқа ескерткіш қойылған. Суретші Шаттық Батан: «Хакімжан Наурызбаевтың«Абайындағы» портретті қалдыру керек. Жұмақын Қайрамбаевтың да «Абайы» көңілге қонымды.Бізде Абайдың фотосуреті де бар. Не үшін әртүрлі бейнелер сомдаймыз? Бұл салағаешқандай білімі жоқ адамдар араласпауы керек. Мұны суретшілер ғана емес, жалпы қоғамболып жөнге салмаса ұят нәрсе. Әдебиетте, мәдениетте жүрген және абайтанушылар,ақсақалдар бірлесе отырып комиссия құрып, Абайдың, басқа да тұлғалардыңпортретін бірізділікке келтіру керек деп ойлаймын. Биыл, бұйырса, Абайдыңпортреті жаңбырша жауатын жыл болғалы тұр. Әр облыс, қалаларда конкурстар өтіп,жүздеген, мыңдаған «Абайлар» пайда болады. Оның бәрін жан-жаққа тықпалайды. Жаңастильдегі өнерпаздар бар, олардың не жасайтынын бір Құдай білсін. Абайды әспеттейміздеп жүріп, мазаққа қалуымыз мүмкін. Әркім көрініп қалғысы келіп, әліден тықпалапжатқан дүниелері көп. Бұл тіпті заңмен бекітіліп (Абай портретін айтады – ред.),жауапкершілік қузастырылатын дүние болуы керек еді. Өкінішке қарай, ондай қадамжасалып отырған жоқ», – дейді.

Суретші ШаттықБатан өркениетті елдерде тұлғаларға қатысты мұндай дүниелердің ертеденбірізділікке түсіп, сол бойынша жұмыс жасалатынын айтады.  

«Абайдың елімізде, шетелде бой көтергенескерткішін интернеттен қарап көріңіз, әртүрлі бейнені жолықтырасыз. Мысалы,тура солай Пушкинді іздеңіз, әйгілі адам болған соң, түрлі түсті картиналаркездеседі. Тіпті әжуалап салған портретінің өзі бір-біріне жақын, бәрібірПушкин екенін танисың. Ал Абайдың әртүрлі портреттерін жазуына қарамасаң,танымайсың», – дейді суретші.

Коллаж: Жас Алаш.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51