«Бізде тышқан ақын, сасық күзен жазушы аз ба?»

25.02.2019, 17:53

720

Аймұқанбет Бейсенбековтың Серікжан Біләшұлына жазған ашық хатына жауап.Серікжан Біләшұлы қасиетті проза мен поэзияға тіл тигізді деген тақырып қойған екен. Видеоны ашып көрген, көзі мен құлағы сау адам Серікжанның проза мен поэзияға тіл тигізбегендігін біледі. Қағыс естісеңіз қайталап естіп көріңіз, ақын деген поэзия, жазушы деген проза деп кім айтты сізге?! Әлде сіз солай ойлайсыз ба?"Әй, Серікжан Бауырым: Сен бояушы-бояушы десе, сақалын бояйды дегендей Серікжан-Серікжан дегенге семіріп, Қазақтың басына шығып дандайсып кеттің ғой" депті Серікжанды немесе «Атажұрт еріктілерін» қолдаған жарты ауыз лебіз қимаған ағамыз. Тіпті үш миллион қандасы Қытайдың қанды қасап қырғынында жатқанда, солар не болды екен деп ойламас осы ағаларымыз.«Ақындар — тышқан, жазушылар — сасық күзен. Танкымен басып өтіп Қытайға бара жатырмын», деді", — деген екенсіз. «Ақын — тышқан, сасық күзен — жазушы» делінген.Бізде тышқан ақын, сасық күзен жазушы аз ба, саны көп, сапасы жоқ. Қазақтың басына жерден ауыр қасірет төніп тұрғанда, бір ауыз сөз айта алмай отырған ақын, жазушы бәрі бір тышқан құрлы құны да болмайды ғой. Ертең саналы ұрпақ бәрі бір мынау жазылып жатқан видеолардан кімнің кім екенін өздері саралап алады.Керісінше, Ұлт тағдыры сынға түскен ауыр күнде, бар салмақты Серікжанға салып, қарап отырғандығы үшін ұлт зиялылары деген атақты ұялмай көтеріп жүргендігі үшін, Серікжан және «Атажұрт еріктілері» деп аталатын үркердей топтың аяғынан шалғандығы үшін, Қытайдағы қандастары тауқыметтің ащы азабына көміліп жатқанда, мыңқ етпегендігі үшін, егер ақын-жазушыларда ұят болса, Серікжаннан және Халықтан кешірім сұрасын!!!

Ербол Дәулетбекұлы, «Атажұрт еріктілер»

тіркелмеген ұйымының мүшесі

Фото: wikipedia.org
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 17:58
Алматыда сакура ағаштарын отырғызды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27