Біздің билік мәңгі үстемдік орнату қамымен жүр

01.07.2019, 20:31

105

Авторитарлық билік мәңгілік үстемдігін орнату қамымен жүр.Барлық ресурсты қолына жинақтаған, оларды өз билігін сақтап қалудың құралыретінде пайдалануды толық меңгерген (Ю. Хабермастың тұжырымдауы бойынша«инструментальная власть» деген осы), бұқаралық қозғалыстарды аяусыз жазалаудыңбылғаныш механизмдерін қолданудан тайынбайтын билік иелері сауатты, тәжірибеліжәне айлалы левиафанға айналды. Ал халық бұқарасы болса, саяси-құқықтық сауаттықимыл жасай отырып, билік иелерімен паритетті келіссөз жүргізуге қол жеткізеалмайтын болды.

Бұлар – қазіргі қазақтың бас сақинасына айналған келеңсіздіктердіңкейбір ел құлағына жетіп жүргендері ғана. Бұл тізімді шексіз соза беругеболады. Бірақ біз өйтпейміз. Бұл мысалдарды келесі ойды осыдан өрбіту үшін ғанакелтіріп отырмыз.

Егер осындай, жоғарыдағылар ашық қоғам құруға асықпайтын,төмендегілер қоғамның болашағы үшін саяси сауатты әрекет жасай алмайтын күй жалғасаберсе, онда қоғамның болашағы не болмақ? Келер ұрпақ қандай жағдайда өмір сүрмек?

Біз – кемшілігін айтқанды бірден жауға балайтын, құрғақмақтау естігенде жаны жай табатын халыққа айналғанбыз. Бұл – көңілге қонатын қылықемес. Мен отандастарымды ащы шындыққа тура қарай отырып, бәрін сабырмен қабылдауғашақырамын. Өйтпегенде, У. Шекспир ескерткендей, «егер жамандық жайлы тыңдағыңкелмесе, ол өзі-ақ үнсіз келіп жаныңнан табылатын болады».

Зерделі зиялы өкілдері қазіргі қазақ қоғамының алдындакесе көлденеңдей тұрған кедергілерді бұзып өтудің  жолдарын іздеумен келеді. Осы зерттеулердің мақсатыда сол – халықтың саяси белсенділігіненайырылып қалуы, әлеуметтік апатияға және құқықтық нигилизмге бой алдыруы,саяси сүлесоқтықтың иектеуі,… сияқты бұқаралық санадағы мешеуліктердің орыналу себептерін ашу болып табылады. Мәселе талқылануы керек. Себеп анықталмайсалдар түсінілмейді. Қанеки, бірге іздесейік.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» зерттеуінен

(Жалғасы бар)


Фото: inform.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!
Сайт әкімшілігі 23.02.2021, 17:12
Nur Otan елорда, Алматы және Шымкент тұрғындары үшін не істемек?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51