Блогер БҚО полиция департаментінің басшысын сотқа бермек

19.11.2019, 10:25

200

Оралда полицияавтокөлігі  21 жастағы қызды қағып кетті.Бұл жөнінде жергілікті блогер Айболат БӨКЕНОВ «Facebook» парақшасындамәлімдеді.

Бөкеновпарақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, оқиға кеше түнде Зачаганкентіндегі «Жастар» аялдамасы маңында болған. Борттық нөмірі 174, мемлекеттікнөмірі 614 КР 07 патрульдік полиция көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағыпкеткен.

Айболат Бөкеновтың айтуынша,оған түнгі сағат 22-00 шамысында Whatapp желісі арқылы видео келген. Осыдан кейінол оқиға орнына барып, полиция қызметкерлерінен болған жағдайға байланыстыпікір берулерін сұраған. Бірақ, генерал Махсудхан ӘБІЛАЗИМОВ пікір бергенніңорнына оның телефонын тартып алып, әріптестеріне смартфонның ішіндегі видеолардыңбарлығын өшіруді тапсырған.

«Кеше кешке Whatapp-тан видео келді. Оқиға орнына полицияқызметкерлері келеді деген соң, мен сол жерге бардым. Бірақ мен барғанша жеделжәрдем қызды алып кеткен екен. Генерал Махсудхан Әбілазимовтан «болған жағдайғабайланысты сұхбат бересіз бе?», деп сұрадым. Ол бермеймін деп, телефонымдытартып алды. Сосын орынбасарларына айтты, ішіндегі видеолардың барлығын өшіріптастаңдар деп. Кейіннен телефонымды қайтарып берді де, мені полиция бөлімшесінеалып барды. Барғасын 667 бап (құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңдыталабына бағынбау) бойынша хаттама толтырды», — деді болгер.

Бұдан бөлек «ЖасАлаш» тілшісіне Айболат Бөкенов бүгін адвокатымен кеңесіп, алдағы уақыттагенерал Махсудхан Әбілазимовты сотқа беретіндігін айтты.

Облыстық денсаулықсақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл САҚБОСЫНОВАНЫҢ айтуынша, қыздыңжағдай өте ауыр. Бас және мидың ашық жарақатын алған.

«Жедел жәрдем бөліміне қоңырау сағат 21-58-де шалынды.Бригада оқиға орнына 22-05-те жетті. Жол көлік апатынан 1998 жылы туған қыззардап шекті. Қыздың жағдайы ауыр. Бас және мидың ашық жарақатын алған оған,ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде», — деді Сақбосынова.

Естеріңізгесалайық, қараша айының 18-і күні түнде Батыс Қазақстан облысына қарасты Зачаганелді мекенінде полиция көлігі қызды қағып кеткен. Кейіннен блогер АйболатБөкенов оқиға орында барып, болған жағдайға байланысты БҚО полициядепартаментінің басшысы Махсудхан Әбілазимовтан пікір беруін сұраған. Бірақ олблогердің телефонын тартып алып, ішіндегі барлық видеоларды өшіртіп, Бөкеновтың өзін наркологиялық тексеруден өткізген. 

Фото:365info.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 07:00
Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 05:00
ҚР Энергетика министрі: ККЖ-ҰЕҚБЖ жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 18:13
Сыр өңірінде құрылысшылар күніне орай бірнеше ірі нысанның іргетасы қаланды

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49